Төлеби ауданында «Ардагерлер және тең қоғам» орталығы салынуда

Төлеби ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жергілікті бюджет есебінен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасау мақсатында «Ардагерлер және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

Польшалық кәсіпкер Түркістан облысында күркетауық фабрикасын ашуға ниетті

Польшалық кәсіпкерлер Түркістан облысының нарығын игеруде қызығушылық танытып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Польша Республикасынан келген бизнес-делегациямен кездесті. Облыс басшысы «Stasin» компаниясының президенті Кшиштоф Борковски бастаған делегацияға Түркістан өңірінің мүмкіндіктерін жеткізіп, бірқатар инвестициялық жобаларды бастауды ұсынды.

Түркістан облысында балалардың 91,1 пайызы қызылшаға қарсы екпе алған

Түркістан облысында 2024 жылдың басынан бері қызылша ауруына шалдыққан 299 науқас тіркелген. Оның ішінде 81,2%-ы - 14 жасқа дейінгі балалар, 56-сы - ересек адам. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі - екпе салдырмағандар. Бұл жайында Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

Түркістан облысының сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жиын өтті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық құзырлы орган басшалырының басын қосып, өңірдің сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты жиын өткізді. Әкім жауапты сала басшыларына бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысында тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша мобильді топтар құрылады

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде абаттандыру, тазалық, көгалдандыру жұмыстары сараланып, мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы жұмыстарды дұрыс атқара алмай отырған аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына жұмысты күшейтуді тапсырды.

Былтыр Түркістан облысында 104 мың халық сапалы электр қуатымен қамтылған

Түркістан облысында жалпы 412,1 МВт электр энергиясын өндіретін 26 электр көздері бар. Оның ішінде, «Шардара СЭС» АҚ – 126 МВт, «Кентаусервис» МКК – 7,5 МВт, 24 жаңартылатын энергия көздері – 278,6 МВт. Өткен жылы өндірілген электр энергия көлемі сағатына 992,8 млн кВт болса, биыл 1020,0 млн кВт-қа жеткізу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Түркістан облысында 32 елді мекенге жаңа базалық станция орнатылып, 62 ауылдың станциялары жаңғыртылды

Түркістан облысында 825 ауылдық елді мекен мен 7 қалаға интернет сапасын анықтау мақсатында талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша 683 елді мекен сапалы интернет желісімен қамтылған. Қалған елді мекендерде интернетпен қамту жұмысы жүруде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды ауылдық елді мекендердегі интернет пен байланыстың сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, жеке медициналық орталықтардың басшылары қатысып, баяндамалар жасалды. Күн тәртібінде 6 мәселе тыңдалды.

Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты

Түркістан облысында 2023 жылдың қорытындысымен негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі облыста алғаш рет 1 трлн. теңгеден асып, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артты. Өсім негізінен өңдеу өнеркәсібінен орындалды.

Түркістан: Сайрам ауданында заманауи мал биржасы ашылады

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Үкіметі делагациясының құрамында Аустралия мемлекетіне барып, бірқатар келіссөз жүргізген болаты. Соның ішінде Түркістан облысында халықаралық талапқа сай мал базарын ашу мәселесі қозғалған. Бүгінде осы бағытта нақты жұмыс жүргізілуде.