Түркістан облысында жаңбырлатып суару машиналары мен трактор шығару жобалары жүзеге асуда

Түркістан облысы, Сауран ауданында орналасқан «Түркістан» ӘКК» АҚ өндірістік паркі аумағында «BNK GROUP LTD» ЖШС бастамасымен жаңбырлатып суару жабдықтары және трактор өндірісі жобасы жүзеге асырылуда.

Түркістан облысында сүт кластері бойынша маңызды 3 жоба жүзеге асырылып жатыр

Түркістан облысының өнеркәсіп саласы дамып келеді. Осы тұрғыда облыс әкімдігінің қолдауымен «Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан бірнеше ауқымды жоба қолға алынған. Соның бірі – 1200 сүт-тауар фермасын салу жобасы.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты өтуде. 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстан) келген, жалпы 64

спортшы бақ сынайды.

Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңызы зор екеніне тоқталып өтті.

- Елімізде ұлттық спорттың дамуына айырықша назар аударылып келеді. Биыл Астана қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Шымкент қаласы спортшылары да ұлттық құрама сапында жауапты сайысқа қатысады. Ұлттық спортты дамытуда қаламызда кезекті рет халықаралық бәсеке ұйымдастырылып отыр. Шымкент қаласына қош келдіңіздер, - деді қала әкімінің орынбасары.

Спортшылар 4 стиль (жамбы, түркі, азия, мажар стильдері) бойынша жарысқа түседі. 15 сәуір мажар стилі, 16 сәуір азия стилі, 17 сәуір түркі стилі, 18 сәуір жамбы стилі бойынша сайыстар өтеді. 19 сәуірде шетелдік қонақтар Түркістан қаласына экскурсия жасайды.

Айта кетсек, Азия чемпионаты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылып отыр.

 

Тілге тиек етейік, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі Елсияр Қанағатов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келгені белгілі. Жұмыс сапары аясында биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан қатысатын спортшылардың дайындығын пысықтап, бірқатар мәселелерді талқылау үшін жауапты өкілдермен кездескен болатын

Түркістан облысында қызғалдақ пен тораңғыны қорғау акциясы өтеді

2024 жылы «Парктер шеруі» акциясының ашылуы Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде өтеді. Бұл - жыл сайын дәстүрлі түрде табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Аталған шара аясында 3 түрлі бастама қолға алынады. Олар: «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі -тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан - қызғалдақтар отаны» акциясы. Бұл жайында брифингте «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Жұмабай Көшербай мәлімдеді.

Түркістанда ҚМДБ-ның Ислам институты ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті. Кездесуде руханият саласындағы мәселелер қозғалды. Сонымен бірге Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Қылует» рухани-мәдени орталығынан ҚМДБ имамдардың білімін жетілдіретін Ислам институтын ашу бастамасы талқыланды.

Түркістанда қазақ-корей бірлескен оқу орнын ашу жоспарлануда

Түркістан облысында Қазақ-Корей бірлескен білім ордасын ашу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарының бірі Woosong университетінің басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін шетелдік дегегациямен кездесіп, IT мамандығы бойынша студенттерді дайындайтын бірлескен оқу орнын ашу бойынша жан-жақты талқылады. Жоғары оқу орны өндіріске негізделген техникалық маман дайындайды.

Түркістан облысы: Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданында жеке қабылдау өткізді

 Түркістан облысының тұрғындары өтініш-тілектері мен ұсыныстарын өңір басшысына ашық жеткізіп жүр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданындағы жұмыс сапары барысында кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. «Ашық есік күніне» келген тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді.

Түркістан облысы: Түлкібасты дамыту барысындағы кемшіліктер ашық айтылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауанына жұмыс сапарымен барып, мәжіліс өткізді. Жиында Түлкібас ауданын дамыту жолдары қаралды. Өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланып, кемшіліктер де ашық айтылды. Олқылыққа жол берген жауапты тұлғаларға сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді.

Түркістан облысы: Түлкібаста тәулігіне 2,5 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе елді мекенінде сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жұмысын бастаған аталмыш цех тәулігіне 2,5 тоннаға дейін сүт өндей алады. Түлкібас ауданына іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Майтөбе сүт» өндірістік кооперативіне барып, сүт өңдеу цехының ресми ашылуына қатысты.