Шымкентте сібір жарасына қарсы 130 мыңнан астам адам екпе алды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында аса қауіпті аурулардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті. Онда сібір жарасы бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың қалай қалыптасып жатқаны туралы айтылды.

Шымкентте Ш.Қалдаяқовтың 94 жылдығына арналған "Әнім сен едің" гала-концерті өтті

Шымкент қаласында қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ерекше мәдени іс-шаралар өтті. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Әнім сен едің» гала-концерті халықтық сипатта ерекше ықыласпен қабылданды.

Шымкент: Жастар еңбек жасақтары маусымдық жұмысын жалғастыруда

«JASYL EL» атауы әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның еңбек маусымы жалғасуда. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. Осы ретте жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан жобаның биылғы жаңалықтары туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік. 

Түркістан: облыс әкімі Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыстың, ауданның даму бағыты туралы ой қозғап, өзекті мәселелерді де екшеді. Сайрамдықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Түркістанда ең үздік кітапханашы азамат анықталды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханашы азамат» байқауы өтті. Байқау шымылдығын облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістан: облыс әкімі түркиялық инвесторлармен медициналық орталықтар салу туралы келіссөз жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлармен кездесті. Облыс әкімі атақты B.B.NURA басшысы Фатих Эргезерм және VIAMEDIS басшысы Асет Ахметов бастаған делегациямен Түркістан облысына денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту бойынша бірқатар жобаларды жан-жақты талқылады.

Түркістан: Сауранда күніне 30 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех ашылды

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цехтың ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаты Абдурашид Жусипов, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, ауыл ақсақалдары қатысты.

Түркістан облысы: Арыс өзені бойында санитарлық тазалықты қамту жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жарияланып, тазалық жүргізуді бір реттік науқан емес, қоғамның күнделікті өмір салтына айналуын ұйымдастыру міндеті белгіленді. Аталған тапсырманы нақтылы іске асыруда «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын жариялады.