Бейжіңде Түркістан облысының делегациясы «NAURYZFEST» өткізді
Ордабасы ауданында екі мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды
ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Отырар ауданында 2023 жылы 19 елді мекенге табиғи газ берілген
«ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 72 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ»
Шымкентте ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні қалада 5500-ден астам шаруа қожалығы, 50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорындар 50,0 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде.
Ордабасы ауданының әкімі көктемгі тазалық жұмыстарын қарқындатуды тапсырды
Аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам, Бөржар және Шұбарсу ауылдық округтерінде болып тазалық жұмыстарын бақылап көрді.
«Сауран таланттары-2024» өнер байқауы өз мәресіне жетті
Сауран ауданының үш жылдық мерейтойына орай, Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сауран таланттары-2024» өнер байқауы болып өтті.
Душанбеде тыйым салынған орындарға қоқыс тастайтындар тәулік бойы бақылауға алынбақ
Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитеті Душанбедегі 50 нүктеге бейнебақылау камераларын орнатып, қоғамдық орындарда қоқыс тастағандарды тәулік бойы қадағалайтын болады.
Душанбе қаласының қоршаған ортаны қорғау бас басқармасына қарасты бейнебақылау камераларын бақылау орталығы іске қосылды. Орталықтың жабдықтары мен камералары тәулік бойы жұмыс істейді, жазбалар бақылау үшін мәліметтер базасында сақталады.
Мұндай экологиялық шара табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын, әсіресе қалдықтарды тыйым салынған орындарға тастағандарды анықтауға мүмкіндік береді.
Тәртіп бұзғандар ұсталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бастама 2024 жылы жарияланған «Экологиялық білім беру жылы» аясында жүзеге асырылмақшы.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат
Шавкат Мирзиеёв: «Өзбекстанда жыл сайын өндірілетін алтынның тек 6 пайызы өңделеді»
– Өзбекстанда жыл сайын 100 тонна алтын өндіріледі, бірақ оның тек 6%-ы ғана өңделеді. Мұны Наманған облысында орналасқан «Гавхар груп» кәсіпорнының жұмысымен танысқан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Астана қаласының әкімі болған Алтай Көлгінов елші лауазымына тағайындалды
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген ресми құжатта.