ШЫМКЕНТ: АЙМАҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ХАЛЫҚТЫ ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІСТЕРМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Көрме" орталығында халықты ерте пісетін көкөністермен қамту мәселелеріне арналған аймақтық форум өтті. Оған Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы А.Әбілдабеков, Ауылшаруашылығы министрлігінің департамент директорының орынбасары Ш.Ахметов және QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы өкілдері мен салалық басқармалар қызметкерлері, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мен сауда желілерінің өкілдері қатысты. Ашық диалог алаңында тауарлардың бағасын тұрақтандыру тетіктері қарастырылып, өңірлерді сапалы өнімдермен қамтуда өзекті мәселелер талқыланды.

Еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Бұл ретте Үкіметке Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Тапсырмаға сәйкес бүгінде өңірлерде кешенді шаралар қолға алынды.

Форумның мақсаты - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енетін көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыруда, дефицитті алдын алуда көршілес мемлекеттерден тасымалданатын пияз, картоп, қырыққабат өнімдері бойынша алдын ала келісім-шарт түзу, халықты бірінші қажетті өнімдермен тиімді бағада қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі жиында халықты ерте пісетін көкөністермен қамтамасыз етуде бірқатар келісім-шарттар түзілді.

Тілге тиек етейік, еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Айта кету керек, Шымкентте әлеуметтік-экономикалық даму оң серпінді сақтап отыр. Қаланың ішкі тауар айналымы 14% -ға өсіп, 2,4 трлн теңгені құрады. Саудаға инвестиция тарту жоспары екі есеге артып, 88,5 млрд теңгені құрады.

Түркістан облысының делегациясы Оңтүстік Кореяда келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстіктік Корея мемлекетіне іссапармен барды. Сапар барысында облыс делегациясы мен Қазақстанның Кореядағы елшісі Нұрғали Арыстанов Korea International Trade Association (Кореяның халықаралық сауда қауымдастығы) компаниясының президенті Сик Юн Джинмен кездесті. Қос тарап өзара байланысты дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талқылады. Келіссөздер жүргізді.

ШЫМКЕНТ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған, мемлекетке берешегі бар және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараны Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығы мен қалалық Прокуратура бірлесе ұйымдастырып отыр. Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші жеңіл өнеркәсіп, өндіріс, қызмет көрсету және коммуналды шаруашылық салалары бойынша 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкеге қатысушыларды ең алдымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков қабылдап, жұмысқа орналасуға қатысты мәселелерін тыңдады.

Келушілердің көбі жоғары айлық жалақысы бар жұмысқа орналасуға ниетті екенін, сонда ғана мемлекетте қарыз берешігін төлей алатынын айтты. М.Жолдасбеков халықты жұмыспен қамту бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатқанын, жұмыс істеуге ынталы азаматтарға мемлекет әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бүгінгі жәрмеңкеде Б. есімді азамат «Альянс Траст» ЖШС-іне қарапайым жұмысшы ретінде жолдама алды. Оның айтуынша, жұмысшы болуына қарамай ай сайынғы төленетін жоғары айлық жалақы көңіліне қонғанын айтады.

Бұған дейін түрлі құрылыс компанияларында жұмысшы болып істеп келдім. Бүгінгі жәрмеңке арқылы айлық еңбекақысы жоғары болған жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын. Ең бастысы отбасымды асырауға және мемлекетке төлейтін қарызты өтеуге жетеді екен,-дейді ол.

Айта кетсек, жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған жұмыс орындарының айлық жалақысы 95-300 мың теңге аралығында болды.

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласында биыл субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері 4 288 адам жолданды.

Атап айтқанда әлеуметтік жұмыс орындарына 138 адам, жастар практикасы 605 адам, ақылы қоғамдық жұмыстар – 1 940, «Алғашқы жұмыс орындары» жобасымен — 897, «Ұрпақтар келісім шарты» арқылы – 7, «Күміс жас» жобасымен 689 адам жұмысқа орналасты.

Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа жолданды.

 

ШЫМКЕНТТЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САЛАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары Кенжеханова Алмагүл Жұмаханқызы және ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қашқымбаева Лязат Рсымбекқызы қатысуымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық дәрілік заттарды таңбалау және олардың қадағалануы 2024 жылғы 1 шілдеде енгізілетіні, сонымен қатар, осы күннен бастап әкелінетін, сатып алынатын және сатылатын барлық дәрілік препараттар Data Matrix таңбалау-штрих-кодтарына сәйкес келуі тиіс екендігі айтылды.

«Қазақтелеком» АҚ таңбалау жобасының жетекшісі Жанна Оспанқызы препараттарды өндірушіден дәріханаға дейін қадағалаудың бизнес-процесін егжей-тегжейлі таныстырды.

Жалпы, дәрі-дәрмектерді қадағалау жүйесі медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектерді тіркеу және жалған есептен шығару мүмкіндіктерін болдырмауға, бөлшек сауда бағаларын, дәрі-дәрмектердің қалдықтары мен жарамдылық мерзімдерін бақылауға көмектесетіні атап өтілді. Өндірілген сәттен бастап соңғы тұтынушыға сатылғанға дейін ел бойынша препараттардың толық айналымын онлайн-режимде бақылау мүмкіндігі пайда болады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлердің салалық кеңесінің Төрағасы Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы таңбалауды енгізудің проблемалық мәселелерін және оларды шешу жолдарын жеткізді. Атап айтқанда, дәріхана қызметкерлерін есептен шығару мәселесі және таблеткалар мен ампулалар бойынша салық комитетіне есеп беру (зауыттық қаптаманы ашу) қызықтырды, ал Бақылау бағдарламасында есептен шығару қаптамалар бойынша жүретіні аталды. Сонымен қоса, медициналық мекемелер меншік түріне қарамастан осы жұмыс аясында интеграциялауды уақытылы іске асыру керек екендігін атап өтті.

Аталған семинарға Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Өткелбаев Мақсат Дуйсенбеұлы, қаладағы емдеу мекемелерінің, дәрілік заттардың көтерме және бөлшек сауда саласында фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерінің басшылары және дәрілік заттардың таңбалау мен қадағалауды еңгізуге жауапты мамандар қатысты.

 

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Президент тапсырмасына сәйкес биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.

Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.

Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.

Айта кету керек, Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген жалпы саны 617 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында баспанаға қол жеткізген. Оның ішінде: 2-10-20 бағдарламасымен 199 пәтер, 5-10-20 бағдарламасы бойынша 307 пәтер, 5-20-25 бағдарламасымен 111 пәтер Отбасы банк арқылы несиелік негізде мемлекеттік бағдарлама аясында рәсімделген.

 

Одан бөлек, жыл басынан бері Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Олардың 4-еуі толық емес отбасы, 20-сы – ерекше баласы бар немесе ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ 24-і І, ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар мен 10-ы бюджеттік ұйым қызметкерлеріне берілді.

Талаптарға сәйкес, қайтарымсыз 1 млн теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш беруші және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 134 562 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде несие негізінде алғашқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Президент тапсырмасына сәйкес биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.

Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.

Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.

Айта кету керек, Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген жалпы саны 617 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында баспанаға қол жеткізген. Оның ішінде: 2-10-20 бағдарламасымен 199 пәтер, 5-10-20 бағдарламасы бойынша 307 пәтер, 5-20-25 бағдарламасымен 111 пәтер Отбасы банк арқылы несиелік негізде мемлекеттік бағдарлама аясында рәсімделген.

 

Одан бөлек, жыл басынан бері Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Олардың 4-еуі толық емес отбасы, 20-сы – ерекше баласы бар немесе ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ 24-і І, ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар мен 10-ы бюджеттік ұйым қызметкерлеріне берілді.

Талаптарға сәйкес, қайтарымсыз 1 млн теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш беруші және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 134 562 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде несие негізінде алғашқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 72 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

Шымкентте ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні қалада 5500-ден астам шаруа қожалығы, 50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорындар 50,0 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде.
Солардың бірі мегаполистегі Еңбекші ауданы, "Базарқақпа" тұрғын алабында жақында ғана іске қосылған "АйМар Құс" құс фабрикасы. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысанның жұмысымен арнайы барып танысты. Халықаралық биоқауіпсіздік стандарттары бойынша құрылған кәсіпорын жылына 72 миллион дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы. Бұл мегаполистегі жалпы жұмыртқа өніміне деген қажеттіліктің 42 пайызын құрайды. Кәсіпорын басшыларының айтуынша аумағы 5 га құрайтын құс фабрикасының құрылысы 2023 жылы басталып, өндіріс орнын ашуға кеткен 4,8 млрд теңге "Даму" қоры арқылы 4 пайыздық несиемен алынған.
- Өндіріс орнын барлық стандарттарға сай жасадық. Мақсатымыз халыққа сапалы, халал, жоғары сұрыпты өнім ұсыну. Бүгінде балапан өсіруге 2 цех, тауыққа арналған 4 цех, жұмыртқа сұрыптайтын цех жұмыс істеп тұр. Фабрикадағы құстар гармондық қоспаларсыз, өсу стимуляторлары қолданылмай, генетикалық түрлендіргіш заттарсыз өсіріледі. Кәсіпорын ең озық, заманауи технологиямен жабдықталған. Алдағы уақытта фабрикамызды үлкейтіп, тауық санын 660 мыңға өсіріп, сәйкесінше өнім санын да арттырмақшымыз, - дейді кәсіпорынның қаржы директоры Сәбитұлы Жандос.
"АйМар Құс" құс фабрикасының жұмыртқалары тауықтың "СуперНик" элиталық тұқымдарынан алынады. Жаңадан ашылған кәсіпорын 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Жұмысшылардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар.
Аталған құс фабрикасы елімізде ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мегаполис тұрғындарын жұмыртқамен толық қамтуға бағытталған.
Айта кетейік, кәсіпорын бірінші қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында халыққа 50 теңгеден жұмыртқа ұсынады. Осыған дейін қалада жұмыс істеп тұрған 3 ірі құс фабрикалары нарықтың 50 пайызын қамтыса, жаңа кәсіпорынның қуатымен 70 пайызға жетеді деп күтілуде.
Сондай-ақ кәсіпорын 1 санатты жұмыртқа бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорымен келісім-шарт түзуде, алдағы уақытта қала тұрғындарын делдалсыз, тікелей өндіруші бағасымен қамтамасыз ететін болады.

 

 

 

Шымкентте Қытай компанияларының өкілдерімен B2B форматта форум өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының Чанджи-Хуэй автономды округ губернаторының орынбасары Су Сяоли ханым бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, өзара сауда-экономикалық байланыс, әлеуетті инвестициялық жобалар талқыланды. 

Екі жақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатындағы кешенді шаралар «KIT» бизнес қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен форуммен жалғасты. B2B форматындағы жиында жергілікті кәсіпкерлер тамақ өнімдері мен полиэфир материалдарын өндіретін жеңіл өнеркәсіп бағытындағы қытайлық компаниялардың өкілдерімен ақпарат алмасты. Бизнес өкілдеріне тауарларын шет елге экспорттау, басқа да серіктес компаниялармен қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері ұсынылды.

Қытайлық 35 компанияның өкілдері қатысқан жиынның қорытындысында Шымкент каласы әкімінін орынбасары  А. Кәрімов, Қытай Халық Республикасы ШҰАР Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданы губернаторының орынбасары Су Сяоли, Қытай Халық Республикасының Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданы сауда басқармасының партиялық тобының хатшысы Чэн Сяофэн коммерциялық құжаттарға қол қою рәсіміне куә болды.

Айта кетейік, былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы тауарайналым 291,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазір қала аумағында қытайлық инвесторлардың қатысуымен 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, 60 миллион АҚШ долларын құрайтын тағы бір инвестициялық жоба қолға алынуда.  «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Wan Sheng Ceramic» ЖШС-нің керамикалық тақташалар өндіретін зауыты 350 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.  Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының 70 пайызы орындалған.