Саурандық шаруалар Алматыдағы жәрмеңкеге 40 тоннаға жуық өнім апарған

Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 400 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері нарықтан 15-20 пайыз арзандатылған бағада ұсынылды.

Түркістан: су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылды

Түркістан облысына Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды министрмен кездесіп, ағын су және ауыз су мәселелерін шешу бағытындағы жоспарларды саралады. Бірлесе, тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.

Созақ ауданында «Алтын күз-2023» шарасы өтті

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Даңқ» саябағында ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүрлі «Алтын күз-2023» шарасы өтті. Жиын аясында арзан бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен асыл тұқымды мал түрлерінің көрмесі өтті.

Түркістан облысында 250-ге жуық балық өсіру шаруашылығын ашу жоспарланып отыр

Сайрам ауданы, Көлкент демалыс орнында Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен «Балыққа өмір сыйла» атты республикалық форум өтті.

Отырар ауданында жүгері кластерін дамыту аясында ауқымды жобалар қолға алынған

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Дәндік жүгері дақылының өнімділігін арттыру» жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинарға Ө.О.Оспанов атындағы қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің ғалымдары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, аудан шаруалары қатысты.

Түркістан қаласы облыстың ауыл шаруашылығы саласына едәуір үлес қосып келеді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтіп, өзекті мәселелер сараланды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстармен қатар, түйткілді мәселелерді де көтерді.

Сайрам ауданында еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын бар

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда.

Сайрам ауданында халықаралық талапқа сай «Gen Group Kazakhstan» жылыжайы жұмыс істеп жатыр

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Аталған жұмыстардың нәтижесі және алдағы жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту аса маңызды екенін жеткізді.

Түркістан облысында соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайған

Түркістан қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, машина жасау, химия, қолөнершілер, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысты. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту, халық арасында сапа идеясын насихаттау мақсатындағы көрме-байқауға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тауарөндірушілерінің жұмысын жоғары бағалады.

Сайрамда жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.