Созақтағы фермерлік шаруашылықтар 3914 қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алған
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Биыл 6 айда Созақ ауданындағы өнеркәсіп көлемінің көрсеткіші 265 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 40 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 19 млрд. теңгеге артқан.