Түркістандағы экономикалық форумда 1 трлн 55 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды
Бүгін Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әртүрлі секторлардың спикерлерімен және тәжірибелі тұлғаларымен байланыс орнатуға, құнды білім алуға мүмкіндік беретін панельдік отырыстарға ұласуда. Форумды облыс әкімі Дархан Сатыбалды ашып берді.