Шымкентте қарашада Орталық Азия театрларының ІХ фестивалі өтеді

Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы тереңнен бастау алады, бұл жайында архивтік құжаттардан алынған деректер дәлел бола алады. Ең маңызды құжаттардың бірі – 1929 жылдың 28 қыркүйегінде бекітілген «Шымкент қалалық қазақ драма театрының сахнасын жабдықтау бойынша материалдық-шаруашылық шығындар жөніндегі алдын ала смета» құжаты. Бұл құжатқа сәйкес, театрдың сахнасын жабдықтауға 7 589 рубль қаражат бөлінген.

Шымкенттегі Ж.Шанин театрына 95 жыл

Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1929 жылдан басталатыны архивтік құжаттар арқылы толық дәлелденді. Осыған орай театр биыл өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстелде айтылды.

Шымкентте Ұлттық жоба аясында 18 мектеп салынып жатыр

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының құрылыс басқармасының 2024 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

Түркістан облысының делегациясы Қытайда маңызды экономикалық келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Түркістан облысы мен Қытай арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жұмыс сапарында облыс делегациясы бірнеше провинция мен қалаларындағы алпауыт компаниялардың жұмысымен танысты.

Түркістан: Мәжіліс депутаты Төлеби ауданына барып, елдің жағдайымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданына арнайы іссапармен келді. Мәжіліс депутаты елді мекендерді аралап, ел жағдайымен танысып, халықты толғандырған мәселелерді тыңдады.

Түркістан: денсаулық сақтау саласындағы түтйткілдер тарқатылды

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Түркістан облысы әкімі орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы кеңінен талқыланған штаб отырысы өтті. Оған жауапты сала басшылары мен мамандары, сонымен қатар онлайн режимде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Түркістан облысында бидайға орақ түсті

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға егілді. Оның ішінде жаздық дақылдар – 497 мың гектар, күздік егіс – 202 мың гектар, ескі жоңышқа 175 мың гектарға егілген.

Түркістан қаласында биыл екі «Жайлы мектеп» ашылады

Түркістан облысында биыл халық игілігі үшін 29 жайлы мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауында.