Түркістан қаласында биыл екі «Жайлы мектеп» ашылады
Түркістан облысында биыл халық игілігі үшін 29 жайлы мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауында.