Шымкент: ҚР Мәжіліс депутаты жұмыспен қамтылған ерекше жандармен кездесті

 

Шымкент қаласында биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланса, оның ішінде 1 368 мүгедектігі бар азаматты қатыстыру көзделген. Одан бөлек, қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың қаулысына сәйкес, 54 мекемеге 200 бос орынға квота белгіленген болатын.

Шымкент: Кең баба саябағы мемлекет меншігіне қайтарылуда

Шымкент қаласының әкімдігі Кең баба саябағын мемлекет меншігіне қайтаруда белсенді жұмыстар атқаруда. Қазір бұл мәселе бойынша бірнеше сот отырысы өтіп, нәтижесінде Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі расталып, өзгеріссіз қалды. Дегенмен, әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстар көп.

Шымкент: Қала әкімі жаңа гүлзардың ашылуына қатысты

Бүгін Шымкент қаласы тағы бір гүлзармен толықты. Жаңа гүлзар  Асқаров көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы «Madlen» кондитерлік кофеханасы жанында жаңа гүлзар ашылды. Қала әкімі қаланы аралап жүріп, жалпы ауданы шамамен 4000 шаршы метрді құрайтын сквердің ашылуына қатысты.  Жаңа ел демалатын қоғамдық  орында субұрқақ пен орындықтар қойылып, толық жарықтандырылды. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астындағы кинотеатр да іске қосылады.

Шымкент: Қала әкімі жазғы олимпиадаға баратын спортшылармен кездесті

Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы баратын болды.  Төрт жылда бір келетін әлем додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лецензия иеленген.

Шымкентте дәрі бағасы едәуір арзан

Бүгінгі күні елімізде дәрілік заттар айналымы саласында 19  отандық тауар өндіруші қызмет атқарады. Соның ішінде, Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан («Химфарм» АҚ, «Dentafill» АҚ).

Шымкентте "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру шаралары ұйымдастырылуда

Мемлекет басшысының  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Республикалық «AMANAT» партиясы және Шымкент қалалық филиалымен Шымкент қаласы әкімдігі бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты  арттыру бағытындағы   жұмыстар атқаруда. 

Шымкенттің 2021-2026 жылдарға бюджеті бекітілді

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Депутаттар сессия барысында қаланың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекітті. 

Бюджетті нақтылау нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 734,6 млрд теңгеден 754,2 млрд теңгеге дейін артатын болады, яғни, өсім 19,6 млрд теңге. 

Өсім негізінен жергілікті бюджеттің өзіндік кірістерінің артуының есебінен құралып отыр. 

Бюджет жобасы қоғамдық кеңесте қаралып талқыланып, қаражат ең алдымен, халықтың өзекті мәселелерін шешуге, тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік жағдайын көтеруге жұмсалатыны анықталған. Атап айтқанда, білім саласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға – 663,6 млн.теңге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдауға – 885,4 млн.теңге қаралып отыр. 

 Бұдан басқа, республикалық бюджеттің резервінен вакцинацияға 2,8 млрд теңге бағытталуда. 

«Даму бюджеті бойынша жалпы – 3,8 млрд теңге қарастырылуда. Оның ішінде  жаңадан қосылған шағын аудандардың инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамытуға – 2,5 млрд теңге бөлінсе, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 340,5 млн.теңге, газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 4,3 млрд теңге, білім беру объектілерін дамытуға – 500 млн.теңге, ол ақшаға Сабыр Рахымов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің құрылысы кіреді, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 3,9 млрд теңге бөлініп отыр. Қала экономикасының көзі саналатын индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға – 1,1 млрд теңге қаралды», – дейді баяндамасында Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  басшысы Е.Есқараев. 

Сессия соңында қала басшысы күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде сөз алып, қаланың әрі қарай өркендеуіне ықпал етер шешімдерге қолдау білдіргені үшін мәслихат мүшелеріне алғысын жеткізді.

 

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі анықталды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми бас демеушісі болып танылды. 

Шымкент әкімі қаладағы нысандарды жаяу аралады

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  салалық басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралады. Азаматтарды қабылдау барысында «Шұғыла» шағынауданы, Қазына көшесінің тұрғыны Сырға Тәжібаева жер қатынастары саласына қатысты мәселесін көтерген болатын. Жауапты мамандарға бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеу тапсырылды.