Шымкентте тағы бір жаңа гүлзар бой көтерді

Еңбекші ауданындағы Жібек жолы - Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылып отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.

Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркей алады

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметінің берген мәліметі осындай.  Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады. 

Шымкент: Жаңадан сайланған мәслихат депутатына куәлік табыс етілді

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессияда бірқатар мәселелер қаралып, барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Шымкент әкімі: Тұрғындардың қауіпсіздігі күн тәртібінде бірінші мәселе болып қалуы тиіс

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Отырысқа құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты. 

Шымкентте әкелер күні аталып өтті

Биылдан бастап елімізде мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесі енгізілді. Енді маусым айының үшінші жексенбісі осы мерекені тойлауға бағытталады. Айтулы күнге орай, бүгін Шымкент қаласында алғаш рет жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен “Otbasy fest” жобасы шеңберінде “Әкелер күні” аталып өтті.

Шымкент: Жастар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін coworking орталығы ашылды

Шымкентте білім алушыларға тәулік бойы қызмет ететін коворкинг орталығы ашылды.  Орталық Ж. Тәшенов университетінің ғимаратында орналасқан. Ашылу салтанатына Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова қатысты. 

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XVII сессиясы өтті

Сессия отырысына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков,  әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, тексеру комиссиясы, сайлау комиссиясы, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаменті қатысты, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезекті он жетінші сессияны мәслихат төрағасы  Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі 12 мәселені қарады.

Шымкентте құрбан айт мерекесіне орай бірқатар рухани іс-шаралар өтеді

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов келе жатқан «Құрбан айт» мерекесіне орай арнайы баспасөз брифингін өткізді. Қаланың бас имамы биылғы ұлық мерекенің ерекшелігін, құрбандық шалу тәртібін түсіндіріп, дайындық барысынан хабардар етті. Биылғы Құрбан айт намазы Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерде 16 маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады.

Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша республикалық турнир басталды

 

Бүгін Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының Кубогының VII турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

8 мыңнан астам түркістандық жұмыспен қамтылмақ

Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.