Түркістанға Корея инвестициясын тарту жөнінде маңызды келіссөз жүргізілді

Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді.

Түркістан: «Жайлы мектептердің» құрылысы кезекті рет пысықталды

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысы кезекті рет пысықталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мектеппен қамту ісінің маңызды екеніне тоқталып, инфрақұрылыммен жасақтау, құрылысты кестеге сай жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Түркістан: Дархан Сатыбалды жас кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатында өткен басқосуда жас кәсіпкерлер облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Түркістандағы өндірістік паркке 100 млрд. теңгеге жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ондағы өндіріс орындарын аралады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған.

Шымкентте қала құрылыстық кеңесі жұмысын бастады

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала құрылыстық кеңесінің отырысын өткізді. Бұл жиын соңғы рет 2018 жылы ұйымдастырылған болатын. Қатысушылар мегаполистің Бас жоспарына, қаланың аумақтық дамуына және жиындарды өткізу регламентіне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды қарастырды. Отырысқа сәулетшілер, құрылысшылар, инженерлер мен тиісті сала басшылары қатысты.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кеңестің қала құрылысы саясатын іске асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыру және қаланың сәулет саласындағы дамуын қамтамасыз ету үшін құрылғанын атап өтті.

«Кеңестің негізгі мақсаты - қаланың инфрақұрылымын, көп қабатты тұрғын үйлерін, қоғамдық-іскерлік ғимараттар мен саябақтарды жалпы қаланың көрінісін жергілікті тұрғындар мен қоңақтар үшін тартымдылығын арттыру. Кеңес мүшелерінің арасында алдағы уақытта мәселелерді қарауда ешбір жеке қызығушылық болмауы тиіс», – деді мегаполис басшысы.

Кеңес төрағасы болып қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов тағайындалды. Айтуынша, кеңестің негізгі қызметі - қала құрылысындағы жобалардың бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес іске асырылуының тиімділігін арттыру мақсатында қарау. Сонымен қатар, жиын барысында қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков Бас жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, қатысушыларды алдын ала жасалған жұмыстармен таныстырды.

Айта кетейік, 29 адамнан тұратын кеңес отырыстарын айына бір рет өткізу жоспарлануда. Кеңестің жұмыс органы болып Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы атынан өкілдік ететін «Шымкентбасжоспар» КММ мекемесі болып табылады.

 

Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынуда

Тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласына келетін саяхатшылар саны артып келеді. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынуда. Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту.

Түркістан: Сарыағашта кәсіпкерлік дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Шымкент: Болмысы бөлек Ханбибі ақынмен сыр сұхбат өтті

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр. Осыған орай Шымкентте  Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,  Ханбибі ақынның мерей тойына арналған бірнеше кездесулер өтуде. Соның бірі Ханбибі Есенқарақызымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыр сұхбатты айтуға болады. 

Дархан Сатыбалдының Сарыағаш тұрғындарымен кездесуінде өткір мәселелер ашық айтылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өзекті мәселелер ашық айтылды. Тұрғындар күрмеуі шешілмеген түйткілдерді тарқатып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды облысты, ауданды дамыту жұмыстарын қысқаша баяндап, тұрғындардың сұрақтарын тыңдады.