Super User

Super User

Түркістандағы қоғамдық көліктерге электронды төлем құрылғылары орнатылып жатыр

Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде заманауи талаптарға сай жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда, қаладағы қоғамдық көліктерде төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын құрылғылар орнатылып жатыр. Солардың бірі – «AlemРay» электронды төлем жүйесі.

Түркістан: Облыс әкімі депутаттармен кездесіп, өңірді дамыту барысын талқылады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты.

Түркістан облысында 2 жылда 400-ге жуық нысан пайдалануға беріледі

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ғимараттардың сәулеті мен сапасы, орындалу мерзімі қатаң бақылауға алынған. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Облыс әкімі жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне әрбір құрылыс нысанын жіті қадағалап, тиісті жұмыс атқаруды тапсырды.

Түркістан облысы: Жетісайда агросектор саласын дамыту жолдары қаралды

Биыл Жетісай ауданында 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,9 мың гектарына мақта шикізаты, 19,7 мың гектарына бақша, 3,4 мың гектарына көкөніс, 11,1 мың гектарына мал азықтық дақылдар егілген.

Осы RSS каналға жазылу