Түркістанда «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті

Жарыс додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700-ден астам өнерпаз қатысып, бақ сынады. «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шара ауыл таланттарының талабын ашуды көздейді.

Түркістан: «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Түркістан қаласында Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі қортындыланды. Аталған фестивалдің мақсаты - облыстың имиджі мен туристік әлеуетін арттыру және түркі әлемінің орталығы ретінде дамуына үлес қосу, мәдениет пен өнердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнерлі жастарға қолдау көрсету. Осы межеден шыға білген фестивалдің қортынды шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, гран при иегерлерін марапаттады.

Түркістанда «Сәлем саған, Түркістан» атты өнер фестивалі басталды

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі басталды. Екі күнге жоспарланған шара барысында 5 байқау ұйымдастырылып, жүзден жүйріктер анықталмақ. Бұл туралы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Түркістан: Рухани келсім күні аталып өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында Рухани келісім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Ел бірлігін насихаттаған жүздесуді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды.

Түркістанда «Мейірім шуағы» өнер фестивалі өтті

Түркістан қаласындағы «Арбат» алаңында «Мейірім шуағы» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шарасы өтті. Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған өнер сайысының мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету болып табылады.

Түркістанда ақсақалдар бата беруден жарысты

"Ақ баталы Абыз-2019". Осындай атаумен Түркістанда батагөй қариялар байқауы өтті. Оған киелі шаһарда тұратын бір топ ақсақал қатысты. Шараның басты мақсаты - атадан балаға жеткен бата беру үрдісін жалғастыру, бай мұрамызды жаңғырту арқылы жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу. 

Түркістанның руxани керуені – Қазығұртта

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жолға шыққан "Түркістанның руxани керуені" Қазығұрт ауданына аялдады. Бұл жолы бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов пен Сайрам ауданының бас имамы Темірбек Сейдахмет қазығұрттықтармен кездесті.