Түркістан облысы: Түлкібас ауданында жас қаламгерлер байқауы өтеді

Жастар жылына орай, Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры мен «Мархабат мирас» қоғамдық қоры, Түлкібас аудандық білім мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің ұйытқы болуымен 2019 жылдың 25 қазан-25 қараша аралығында «Өңір мен ұлы тұлғалар» атты жас қаламгерлердің аудандық байқауы өтеді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының жастары жарады

Жақында ғана Тараз қаласында «SILK WAY STARS» байқауы өтті. Оған ауданнан бірнеше өнерпаз жастар қатысты. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай алғаш рет өтіп жатқан жарыста ауданның атын шығарып жүрген, бұлбұл әнші атанған Диана Ерсерікқызы бас жүлдеге ие болды. 

Түркістанда суретшілер байқауы ұйымдастырылды

Түркістанда «Туған жер – алтын бесігім» атты қалалық суретшілер байқауы өтті. Оған 16 мен 25 жас аралығындағы 15 үміткер қатысып, бақ сынады. «Түркістан – қауіпсіз қала» және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асқан шара елге деген құрметті арттырып, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. 

Түркістанда суретшілер байқауы ұйымдастырылды

Түркістанда «Туған жер – алтын бесігім» атты қалалық суретшілер байқауы өтті. Оған 16 мен 25 жас аралығындағы 15 үміткер қатысып, бақ сынады. «Түркістан – қауіпсіз қала» және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асқан шара елге деген құрметті арттырып, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. 

Түркістан облысы: Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 жылдығына орай көшет отырғызылды

Бәйдібек ауданындағы Екпінді елді мекені - тұрмысы жайлы, ажары мен сәулеті келіскен өңірдің бірі. Бабалар кесенесі, мәдениет ошағы, ауылға кіргеннен тас төселген тақтайдай тегіс көшелер. Осының барлығы – Шаяннан түлеп ұшқан азаматтардың туған жерін түлетуге қосқан үлестері. Кезекті тағы бір игі бастаманың бірі – елді мекенге енген бойда көзге түсетін Қарабатыр бабамыздың кесенесін көгалдандыру болды. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында «Жайдарман» ойындары өтті

Бүгінде билеуші партия дәрежесіне көтеріліп, президенттікке кандидат ұсынып, Парламент Мәжілісі мен Үкіметті жасақтап отырған «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай Бәйдібек ауданында жайдарман ойындары өтті. Онда жартылай финалдан жеңіп шыққан командалар ақтық сында өнер көрсетті. Аудан жастары аймақтағы түйіткілді мәселелерді астарлы әзілмен жеткізе білді. 

Түркістанда жас жыршылардың байқауы қорытындыланды

Түркістан шаһарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жас жыршылардың алғырлығы мен білімділігін анықтайтын «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауы өтті. Өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құндылықтарымен сусындатып, намысты, қайсар ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отырған дәстүрлі байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің ұйымдастыруымен үшінші рет өтіп отыр.