Түркістан облысы: Кентау қаласының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Түркістан облысы: Түлкібаста 6 мәдениет үйі пайдалануға берілді

Қаратау мен Алатаудың тоғысқан жері, киелі мекен Түлкібаста біршама ауқымды іс- шаралар атқарылды. Бүгінде ауданындағы тұрғындар саны 111 мыңнан асып жығылды. Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында алты бірдей мәдениет нысаны бой түзіп, ел игілігіне берілді.

Түркістан облысы: этнос жастары бас қосты

Жастар жылы аясында Түркістан облыстық этномәдени бірлестік төрағалары мен «Жастар қанаты» ұйымының белсенді жастары еркін форматта басқосу өткізді. Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында өткен жиында олар жылдық жоспарларымен бөлісіп, атқарылған іс-шараларды сөз етті.

Түркістан қаласының бас жоспары таныстырылды

Түркістан қаласының дамуы үш кезең бойынша жүзеге асады. Қасиетті шаһардың ауқымы кеңейіп, туристер саны жыл санап артатын болады. Бұл туралы алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихатының 43-ші сессиясында айтылды. Онда Түркістан қаласының бас жопары таныстырылып, 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясы бектілді. Бұдан бөлек, күн тәртібінде 10 маңызды мәселе қаралды.

Түркістан облысы: Түлкібас, Төлеби аудандарында ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 28 млрд теңгені құрады

Түлкібас ауданы, Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 млрд 924,2 млн теңгені құраған. Егін шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда биылғы жылы нақты егіс көлемі 65901,3 гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1309 га артып отыр.

Түркістан облысы: жылыжайыңызды заңдастырмасаңыз айыппұл төлейсіз

Қоршаған ортаны бұзып, заң талаптарын орындамаған жылыжай иелеріне айыппұл салынатын болады. Бұл туралы Түркістанда өткен жиында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнара Саметова айтты.

Түркістан облысы: Жетісайға облыстық әдеп жөніндегі кеңес төрағасы келді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Түркістан облысыбойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Болат Исақов Жетісай ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, жиын өткізді. Аудан әкімдігінде өткен жиынға қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Түркістан облысы: тұрғындар министрмен тікелей тілдесті

 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тұрғындарды қабылдады. Қоғамдық қабылдауда облыстың 7 тұрғыны жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, министрден көмек сұрады.