Конкурдан Әлем кубогының этапында түркістандық спортшылар жүлде алды

Алматы қаласында конкурдан Әлем кубогының этапы аяқталды. Дүбірлі додада Түркістан облысының Ұлттық спорт мектебінің спортшысы Шыңғыс Маликаждар Қазақстан құрама командасының сапында ел намысын қорғады. 

Түркістан облысы: Мақтаарал аграрлық колледжінде «Парасаттылық мектебі» ашылды

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Мақтаарал аграрлық колледжінде кезекті «Парасаттылық мектебі» ашылып, «Ізгілік елшілері» жобасы қолға алынды. 

Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды

Бүгін түнде Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды. Колледж студенттері мен ұстаздарының және облыс әкімдігінің бірлесіп, күш салуының арқасында Түркістан облысының командасы өткен жылмен салыстырғанда үш бөлім бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, 3-орын иеленді (2018 жылы 7-орынды иеленген болатын). 

Түркістан облысы: Келес ауданында ветеринария саласында ауқымды істер атқарылып жатыр

Ветеринария саласының миссиясы – жануарлардан алынатын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эпизоотиялық жағдайларды қалыптастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізу және жануарларға ветеринарлық паспорт беру, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою. Келес ауданында ветеринариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. 

Түркістан облысы: Төлеби – мақсары өндіруден озат аудан

Түркістан облысында өткен «AltynKuz-2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі аясында Төлеби ауданы биыл да мақсары өндіруден озат аудан атанды. Ағымдағы жылы ауданда мақсары дақылы 12900,7 гектарға егіліп, шаруалар ұзын-ырғасы 16130,2 тонна өнім алған. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды.