Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы қоғамдық қабылдау өткізді

Ел ішде туындаған мәселелерге құлақ асып, олардың шешілуін жеделдету мақсатында «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау өткізуді дәстүрге айналдырған. Қоғамдық қабылдауды әр саланың жетекшілері өткізіп тұрады. Бұл жолы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады.

Түркістан облысы: «Менің кәсібім» жобасы арқылы бизнес ашып жатқандар бар

Бизнес ашам десеңіз мемлекет қолау көрсетеді. Тіпті қаржылай демейді. Тек жобаңыз жүйелі болса болғаны. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Менің кәсібім» жобасы әсіресе әлеуеті әлжуаз топтарды қолдауға арналған. Кәсіп ашып, өз арбасын дөңгелеткісі келген жандарға тіпті қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып береді. Бұл жобаға кез-келген азамат қатыса алады. Арысы, студенттер де қамтылады.

Түркістан облысы: Келес ауданында спорт алаңы жаңартылып жатыр

Бүгін аудан әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылында құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап көрді. Аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары және мердігер мекеме басшыларымен бірге құрылыстың барысымен танысып, сонымен қатар сапасына назар аударып, мерзімінде аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетілді

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың күндізгі қатынау бөлімшесінде аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шашка, шахмат, домино сияқты спорттық ойын түрлерінен іс-шара өтті. 

Түркістан облысында кезекті халықтық кеңсе ашылды

Рухани мекен Түркістан өңірінен полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін әрі азаматтарың өтініштерін жедел қарайтын тұрғындар үшін тағы да бір халықтық кеңсе ашылды. Халықтық кеңсенің лентасын ҚР Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қоғамов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топ төрайымы А.Соловьева және Нью-Йорк қаласының үздік полицейі атанған Д.Ниязов салтанатты түрде қиды. 

"Түркістанның рухани керуені" шарасын түсіндіру бойынша брифинг өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Түркістанның руxани керуені" тақырыбында брифинг өтті. Брифингтің басты мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша облыс тұрғындарын ақпараттандыру. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Ырыстан» қаржы алып, ырысын арттырғандар көп

Жетісай ауданы бойынша 230 жоба мақұлданып, “Ырыс” микроқаржы ұйымынан тиісті қаражаттарын алған. Негізгі табысы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығынан түсетін Жетісай ауданында жыл басынан бері 230 жоба мақұлданып, 539 млн 360 мың теңге қаржы таратылған.