Шымкент: Әуе шабуылынан қорғаныс бригадасына жас сарбаздар келді

Көктемгі шақыру науқаны жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына әскери қызмет өткеру үшін 30 әскерге шақырылушы келді.Саптық алаңда әскерге шақырылушыларды бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Дәулетбек Қоғабаев қарсы алды. Ол жас жауынгерлерді армиядағы алғашқы күнімен құттықтап, кіші командирлердің басшылығымен алдағы 12 айда олар әскери істі игеріп, ата-аналары мақтанышы болатынын атап өтті.

Оңтүстік ұландықтар Шымкентте атыс шеберлігін көрсетті

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығының базасында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке-командалық біріншілігі өтті.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы подполковник Салауат Төреғалиевтің басшылығымен өткен жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларынан Ұлттық ұланның 50-ден астам әскери қызметшісі қатысты. Сондай-ақ, сайыста атыс қаруын ату дағдыларын әйел әскери қызметшілер де көрсетті.

Шымкенттік оқушы ХХ Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Азия ойындары – Гонконгте өткен батутта секіруден жасөсіпірімдер арасында Жақсылық Әбілмансұр қатысты. Қаршадай ғана қазақ баласы сен тұр, мен атайын деген елдердің спортшыларымен бақ сынасты. Жай ғана сынасқан жоқ, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарынан көрінді. Турнирге қатысушылар: Қытай, Жапония, Өзбекстан және 10 мемлекеттен өздерінің кіл мықты спортшылары қатысты. Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды. 

Отырар ауданы: көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңес төрағасы Жалғасбай Көлбайдың жетекшілік етуімен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов, ауыл округінің әкімдері мен су мұраптары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібіне көктемгі дала жұмыстарының барысы және 2024 жылы егістіктерді қажетті ағын сумен қамтамасыз етудің жай-күйі жөніндегі мәселелер енгізіліп, қызу талқыланды.

Отырар ауданы: шаруаларға мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді

Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру үшін арнайы жұмысшы топ құрылған. Осы мақсатта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған топ бүгін ауданға арнайы сапармен келіп, шаруалармен кездесті.

Отырар ауданы: қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастамасымен Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Е.Касымбеков және «Отырар ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Сартаев тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау аясында Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық бақылау жүргізілді.

Шымкенттегі 6 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылды

 

Шымкент қаласы бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2 128 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баспасөз брифингінде айтты.
Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.
Өңіріміздегі 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған.

Шымкентте еңбек қауіпсіздігі қатаң қадағаланады

Заң талаптарына сәйкес әрбір азаматтың жұмыс орнының қауіпсіз болуын талап етуге құқығы бар. Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалауын бақылауды қамтасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген болатын. Бүгінде бұл жобаны қаламызда 18 кәсіпорын енгізген. Бұл туралы толығырақ Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баспасөз брифингінде мәлімдеді.