Super User

Super User

Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыруға арналған семинар-кеңес өтті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне елді мекендерді көгалдандыру, егілген ағаштарды күтіп-баптау, өсіру ісін сапалы атқаруды, көгалдандыруға қатысты жұмысты күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен барды. Ең алдымен «Жасыл желек» КММ қарасты тұқымбақта атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Түркістанда географиялық көрсеткіштерді қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі жөніндегі халықаралық семинар өтті

Түркістан қаласында «Географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Семинарды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырды.

Түркістан өңірі шаруаларымен кездескен министр су жайын егжей-тегжейлі талқылады

ҚР Су ресурстары жәнге ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған топ Шардараға іссапармен келді.

Түркістанда «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы өтті

Пленарлық отырысқа ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Дархан Қыдырәлі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және өзге де зиялы қауым өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен оқытушылар, білім беру жүйесінің басшылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Іс-шарада университет ректоры Жанар Темірбекова модераторлық етті.

Осы RSS каналға жазылу