«Республика күні» ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері марапатталды

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполкковнигі Алмас Серікбаев, «Республика күні» мерекесі қарсаңында еңбегі елеулі, халыққа қалтқысыз қызмет еткен азаматтарды марапаттады. Нақтырақ айтсақ, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев, кеңес мүшелері, ардагерлер Бағазы Бейсалиев, Жұмағұл Омаров, Бауыржан Бүркітбаевтарды зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, аудан қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз еткендері үшін «Алғыс хатпен» марапаттады. Сонымен қатар жеке құрам қызметкерлерінің арасында мінсіз қызмет еткені үшін 25 қызметкер марапатталды.

Жиын кезінде ардагерлер жеке құрамға «Республика күнінің» мән-маңызы туралы айтып өтті. Яғни полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, жас қызметкерлерге кәсіби біліктілігін көтеруге көмектесу, шұғыл қызметте өздері өткен қызмет жолының тәжірибесін беру, тәртіп сақшыларының моральдық-психологиялық жағдайын жақсарту, патриоттық сезімдерін көтеру мақсатында баяндамалар жасалып, дәрістер өткізілді. Осылайша мерейлі мереке пайдалы ақыл-кеңестерге толы кездесумен жалғасты.

 

 

Түркістан:Полиция департаментінде «Республика күніне» орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің ғимаратында 25 қазан - Республика күні мерекесіне орай "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы ұлттық мерекенің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев, Түркістан қаласы ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев, ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің мүшелері Сейсенбеков Айтбай, Баймурзаев Ералы қатысты. Сонымен қатар Полиция департаментінің жеке құрамы да белсене атсалысты.

Естеріңізге сала кетейік биыл, Ұлттық құрылтай отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Республика күнінің» мәртебесін қалпына келтіріп, оны ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Мемлекет басшысы: «Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды»-деп атап өткен болатын.

Сондықтан дөңгелек үстел шарасына қатысушылар Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық мерекенің тарихи маңызын талқылады. Еліміздің салт-дәстүрі, мәдениеті, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері, еліміздің әл-ауқаты мен дамуын қамтамасыз етуге тәуелсіздік алған жылдары бағытталған экономикалық және саяси реформалар көптеп жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Жиын соңында жиналғандарға 25 қазан - Республика күніне арналған бейнеролик көрсетілді.

Отырарда «Бізді біріктіруші күш – мемлекеттік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен аудандық балалар кітапханасында «Бізді біріктіруші күш -мемлекеттік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорткешеніндеКеңесОдағыныңбатыры, генерал-майорСабырРақымовтыескеалуғаарналғанжәнедаңқтықолбасшыныңтуғанына 120 жылтолуынаорайеркінжәнеәйелдеркүресіненжастарарасындағы XXVI халықаралықжарысбасталды. КүресдодасынакөршілесӨзбекстан, ҚырғызстанелдеріменқатарҚазақстанРеспубликасыныңбарлықоблыстарыжәнеқалаларынанбалуандарқатысуда.

ЕркінкүрестенжастарарасындағыхалықаралықжарыстыңсалтанаттыашылурәсіміндеТүркістаноблысыныңденешынықтыружәнеспортбасқармасыныңбасшысыҚанатЖолдықараевжарысқақатысушыбалуандардыжәнеқонақтардықұттықтап, сәттіліктіледі.

Олимпиадаойындарыныңкөркінқыздыратынкүрестүрлерібүгіндеәлемдеқарқындыдамуда. Осыорайдадәстүрлітүрдеұйымдастырылыпкележатқанбұлхалықаралықдодажастардыңшеберліктерінарттыруғаүлкенсерпінбереді.

Тартысқатолыбәсекедеұлдар 11 салмақдәрежесіндежеңімпаздардыанықтаса, қыздар 10 салмақдәрежесіндеөзарабақсынайды. Сайысқажалпы 337 спортшықатысуда. Халықаралықкүресбәсекесі 3 күнжалғасады.

ЖарыстыТүркістаноблысыныңденешынықтыружәнеспортбасқармасы, облыстық1 олимпиадарезервініңмамандандырылғанбалаларменжасөспірімдерспортмектебіұйымдастырды.

Отырарда «Кітапханашылар күні» аталып өтті

Биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен 24 қазан «Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілді. Осыған орай Отырар аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана – мақтанышым, кітапханашы – мамандығым» атты кәсіби мереке ұйымдастырылды.

Отырарда 25-қазан Республика күні жоғары деңгейде аталып өтті

Терең мазмұны мен маңызы жағынан жоғары деңгейдегі сан алуан, саяси, рухани тұрғыдан айрықша құнды ауқымды іс-шаралар көптеп өткізіліп жатқан тәуелсіз елімізде араға жылдар салып, Мемлекет басшысының Ұлытаудағы алғашқы құрылтайдағы ұсынысымен ұлттық мереке ретінде мәртебелі орнына қайта қонған Республика күнінің маңызы зор.

Отырар: 25-қазан Республика күні мерекесіне орай спорт кешені пайдалануға берілді

25-қазан Республика күні мерекесіне орай, Отырар ауданы, Отырар ауыл округі, Мөлке Шойманов ауылының азаматы Нұрашов Нұржан туған жеріне жабық спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, салтанатты түрде ашты.

Отырар: 57 мың гектар жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылған

ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасымен және ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Отырар ауданындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілген.