Сауран ауданында футбол алаңшасы және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Сауран ауданына қарасты Үшқайық елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Сауран ауданы Ескі Иқан ауылында шахмат және грек-рим күресінен облыстық жарыс өтті

Сауран ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай Ескі Иқан ауылдық округінде шахмат және грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараға Түркістан облысының әр өңірінен келген 200-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Түркістан облысы: Арыстағы балалар үйі тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй тарту етілді

Арыс қаласында 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында және қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткен тағылымды шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, мерекелік дастархан жайылды.

Түркістан облысы: жас сарбаздар алғаш рет оқу-атыс жаттығуларын орындады

Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері штаттық қарудан алғашқы практикалық атыстарын өткізді. Осы көктемде Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан шақырылған жас сарбаздар әскери ант қабылдамағанымен, бастапқы жалпыәскери дайындық курсынан өтіп үлгерді. Жас буын қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, оны қолдану тәртібін, қауіпсіздік талаптарын және бақылау атыстарын орындау ережелерін меңгерді.

Жұқпалы аурулардан сақтанудың тиімді жолы - қол жуу!

Қол жуу гигиенасы – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі қарапайым тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Осы ретте Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті төмендегі талаптарды сақтау қажеттігін еске салады.

«Құдайы тамаққа» барып жедел ішек инфекциясын жұқтырып алғыңыз келмесе...

Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және  мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында «құдайы тамақ» беру ұйымдастырылатын кезеңі.

Құймалы балмұздақтанда уланып қалуыңыз әбден мүмкін

Жаз басталды дегенше, үлкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындардың жұмысы қыза басайды. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл асқа көпшілігіміз құмартып тұрамыз. Дегенмен, жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені, бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда, жұмсақ балмұздақтан уланып қалуыңыз әбден мүмкін. 

Зейнеткерлердің денсаулығын жақсартатын орталық

Шымкент қаласында аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне, денсаулығын нығайтып, қоғамдық ортадан қол үзбеуіне бағытталған жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның жарқын үлгісі – Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Белсенді ұзақ өмір орталығы. Орталық зейнеткерлердің өмір сүру сапасын арттырып, оларды зияткерлік, шығармашылық және қоғамдық белсенділікке жұмылдырады, сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған мәдени-демалыс жұмысты дамытады.

 Бүгінде орталықтың төрт бөлімшесінде күніне 800-ге жуық зейнеткерге қызмет көрсетіледі. Жыл басынан бері 3200 қызмет алушы қамтылып, 323 жаңа қатысушы тіркелген. Мұнда олар үшін 36 түрлі қызмет түрі ұйымдастырылған – емдік денешынықтыру, массаж, фитобар, психолог қызметі, тұзды кабинет, шунгит терапиясы, бассейн, иога, хореография, еңбек терапиясы, бейнелеу және қыш өнері, кітапхана, музыка, компьютерлік және қаржылық сауаттылық, ағылшын және араб тілі сабақтары бар.

 Әсіресе, соңғы уақытта ағылшын тіліне қызығушылық айтарлықтай артқан. Қазіргі таңда төрт бөлімшеде екі ауысым бойынша 180 қызмет алушы шет тілін меңгеріп жатыр.

 Сонымен қатар, әр апта сайын зейнеткерлер Дендросаябақта серуендеп, түрлі сауықтыру және мәдени іс-шараларға қатысады. Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрына барып, тегін қойылымдарды тамашалау да игі дәстүрге айналған.

 Орталықтың медициналық-сауықтыру бағытындағы жұмысы да нақты нәтижесін көрсетуде. Атап айтқанда:

– гипертония бойынша емделушілердің 93 пайызында,

– бронхит бойынша – 95 пайызында,

– артрит бойынша – 68 пайызында,

– артық салмақ мәселесінде ем алушылардың 82 пайызында оң өзгеріс байқалып отыр.

 Бұл көрсеткіштер Шымкентте аға буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету ісі жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Белсенді ұзақ өмір орталығы қариялардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, өмірге деген құлшынысын күшейтіп отырған маңызды әлеуметтік алаңға айналды.

Шымкентте жыл басынан бері 3500 бала оңалтудан өтті

Шымкент қаласында балаларға арналған оңалту қызметтерінің сапасы жыл сайын артып келеді. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда жыл басынан бері 3500-ге жуық бала оңалту емінен өтті.