Шардара ауданында ұлттық ойындар дәріптелді

 

 

  Шардарада асық ату және бес асық ойындарынан мектеп лигасы өтті. Аталған жарысқа ауданға қарасты ауылдық округтерден келген мектеп командалары қатысты. Мұндағы басты мақсат - ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ал асық ату - көне заманнан келе жатқан қазақ xалқының төл дәстүрімен ұштасқан, қазақ баласының қанына біткен ұлттық ойыны.

   Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайыс тартысты да қызықты өтті. Жарыста жүзден жүйрік атанғандар жеңіс тұғырынан көрінді.

   Алғашқы бес асық ойынында І-ші орынды "С. Құрманғазы" командасы иемденсе, ІІ-ші орынды "С. Кәттабеков" командасы иемденді. Ал "А. Иманов" командасы ІІІ-ші орынды қанжығаларына байлады.

  Асық ату бойынша І-ші орын С. Құрманғазы командасына бұйырса, С. Кәттабаев пен Ш.Уәлиханов мектеп командалары ІІ-ІІІ орындарды қанағат тұтты. Жарыс соңында жеңіске жеткен командалар марапатталды.

  Айта кету керек, бұл ойын мазмұны жағынан ұтыс ойыны тобына жатады. Қа­зір­гі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені «асық ату» ойыны балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады, дәлдікке, есепке үйретеді.

  

 

Түркістандағы жеткіншектерге арналған футбол спорт клубы болашақ аяқ доп шеберлерін жаттықтыруда

Былтырғы жылдың мамыр айынан бастап Түркістан жеткіншектерін кәсіпқой футболға баулитын спорттық клуб жұмысын бастаған. Қазір мұнда ақылы негізде 6 мен 15 жас аралығындағы болашақ аяқ доп шеберлері жаттығуда.

Грек-рим күресінен өткен ел чемпионатында Түркістан облысының палуандары топ жарды

  

 Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт басқармасының Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт комитеті, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шардара ауданы әкімдігі және Түркістан облыстық N4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен қойнауы шежіре мен тарихқа бай Шардара жерінде Грек-рим күресінен 2005-2006 ж.т жасөспірімдер арасында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Түркістанда грек-рим күресінен турнир басталды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Түркістанда грек-рим күресінен дүбірлі дода басталды. Бұл сайыста 2006-2007 және 2007-2008 жылдары туылған балғын балуандар күш сынасады.

Түркістан облысының боксшылары Конфедерация кубогін жеңіп алды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеңімпаздары белгілі болды. Екі күнге созылған республикалық бәсекенің бокс додасында Түркістан облысының спортшылары бас жүлдені иеленді.