Жексенбі, 17 Қыркүйек 2023 16:29

Сауран ауданы: тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетілді

Түркістан облысының Әділет департаменті мен Сауран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, және «Құқықтық көмек» жобасы аясында Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, оларға заңгерлік құқықтық көмек көрсетілді.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар және Әділет департаменті мен Сауран ауданы әкімі аппаратының өкілдерімен қатысқан ауқымды шарада тегін заң көмегі көрсетіліп бірқатар ақпараттар айтылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мобильді қо­ғам­дық қабылдау бастамасы «Amanat» партиясын транс­фор­ма­ци­ялау жұмыстарының азаматтармен кері байланысты кү­шей­ту тар­мағының аясында жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым жұ­мы­сын қайта құруды тапсырып, қо­ғамдық қабылдау бөлмелері тек ша­ғымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс екенін атап өтті. «Азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауыл­дардың тұрғындарымен кездесу керек», деген болатын сол кездемемлекет басшысы.

Бүгінде мобильді қоғам­дық қабылдаулар Қазақстанның бар­лық өңірлерін аралап, шалғай ауылдарға ерекше көңіл бөлінуде. Мобильді қабылдау бөлмелерінің жұмысына мәслихат депутаттары – партия фракциясының мү­ше­лері, өңірлік филиалдардан Бюро мен Саяси кеңес мүшелері, қо­ғам­д­ық кеңестер мен мемлекеттік орган­дар­дың өкілдері және т.б. қатысуда. Мобильді қоғамдық қабылдаулар тұ­рақты түрде жұмыс істейтін болады.

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақ­станды құру жолында адам құқық­тары мәселесіне баса мән беріп отыр­ғаны баршаға белгілі. Елімізде Конституциялық сот құрылып, Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық мәртебеге ие болғанын да алға тарта кеткен жөн. Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті. Соған байланысты, «Amanat» партиясының бастамасыменбиылдан бастап өңірлерде тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» партиялық жобасы пилоттық режимде іске қосылды.

Жасыратыны жоқ, қоғамда азамат­­тардың құқықтық, қаржылық сауат­тылығы әлі де төмен. Соның салдарынан, олар сотта немесе басқа да мем­­лекеттік органдарда мүдделерін қорғай алмай жатады. Шалғайдағы ауыл тұр­­ғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отыр­­ғандықтан, жаңа партиялық жоба аясында заңгерлер ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсетеді. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады десек, қателесе ұоймасымыз белгілі.

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін әр облыстардағы аудан орта­лық­тарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 339 рет