«Қазақстанда қызғалдақтың 40-қа жуық түрі өседі. Оның жартысынан астамы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері. Қызғалдақтың сирек түрін жұлған жағдайда 3 мың айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады,- деді Жұмабай Өскенбайұлы.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан «Сырдария-Түркістан» МӨТП ғылыми қызметкері Ғани Назарбек қазіргі таңда балықтың уылдырық шашу кезеңі басталғандықтан, Шардара суқоймасынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде сәуір-мамыр айларында балық аулауға тыйым салынатындығын жеткізді. Аталған өзендерде «Қызыл кітапқа» енгізілген балық түрлерінің бар екенін ескерсек, заңды бұзғандарға жауапкершілік те қатаң болмақ. Парк мамандары облыс тұрғындарын өңірді мекен еткен әрбір тіршілік иесіне шынайы жанашырлықпен қарауға шақырды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат