Отырыс барысында қала прокуроры Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов құқық қорғау және уәкілетті органдардың назарын профилактикалық шаралар қолдануды күшейтуді, кез келген құқық бұзушылықтарға «Нөлдік төзімділік» принципін қамтамасыз етуге аударды. Жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке және балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ заңсыз есірткі саудасымен күресуге ерекше назар аударылады.
Дағдарыс жағдайында жүрген студенттерді дер кезінде анықтау үшін білім беру ұйымдарына психологтардың жұмысын қайта қарау тапсырылды. Есірткі саудасымен күрес тек құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екені атап өтілді.Осы мақсаттар үшін қоғам мен жастардың әлеуетін одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданды.
Үйлестіру кеңесінде құқық бұзушылықпен күрестегі жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін коммуналдық қызметкерлер мен студенттік жастар өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Қала прокуроры қорытындылай келе көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды.
Барлық қатысушыларға қаладағы қылмыс жағдайын жақсарту және қылмыстың алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар берілді.