Дүйсенбі, 20 Сәуір 2020 16:29

Шымкент: «Антикор лайф» жобасы жалғасуда

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға тыйым салынған. Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес, бұл әрекеттер  мемлекеттік қызметке нұқсан келтіреді. Сыйлық беру мен алу жауапкершілігі сондай-ақ, елдегі төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеу режимі туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері тікелей эфирде брифинг өткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен төмен тұратын  яғни, 5050 теңге сыйлық бергені үшін 200 АЕК  айыппұл саыланады. Бұл - 505 мың теңге.  Ал мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК әкімшілік жауапкершілікке тартылады» - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің келген сыйлық жөнінде хабары болмаса,  сыйлықтар жеті күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға ақысыз жеткізілуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің туристік, сауықтыру және басқа да сапарларға шақыру қағаздарын қабылдауға құқығы жоқ. 

Тікелей эфир барысында сала жетекшілері «Төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібі туралы» да кең мағлұмат берді. Айта кетейік, былтыр 11 мемлекеттік қызметші сыйлық алғаны үшін әкімшілік жауапкерлікікке тартылған. Жүйелі жұмыстың арқасында мұндай фактілер азайып жатыр. Биыл жыл басынан бері 2 жағдай тіркелді. Ал, жаһан жұртын дүрліктірген пандемияның алдын-алу бойынша, бірқатар ұйым қызметкерлері  қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшкен. Бұл бағыттағы іс-шаралар да қатаң бақылауда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 756 рет