Жұма, 01 Мамыр 2020 17:30

Оңтүстік өңірдегі бірқатар әскери нысандар тексерілді

Қарулы Күштердің алдында коронавирустық инфекциямен күрестен басқа көптеген басқа да кезек күттірмейтін міндеттер тұр. Атап айтқанда, бұл жауынгерлік дайындық пен қорғаныс қабілеттілігінің қажетті деңгейін ұстап тұру, Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.

Бүгінгі таңда құрама жасақпен Арыс қаласында ауданы 100 мың шаршы метрден астам жер зерттелді. Қоймалардың маңындағы оқ-дәрі фрагменттерін іздеуді инженерлік барлаудың іздеу топтары жүзеге асырады. Табылған фрагменттердің басым бөлігі қауіпті емес. Металл сынықтарын тазалау, сұрыптау және арнайы жабдықталған алаңға шығару жүргізілуде.

Жергілікті тұрғындардың өтініштерін қабылдау үшін мобильдік топ кезекшілік етеді. Бұдан басқа, техникалық аумақта инженерлік оқ-дәрілерді түгендеу және ашық алаңда сұрыптау жалғасуда. Арыста барлық әскери инженерлер мен саперлер, басқа да әскери мамандықтардың өкілдері болды. Бір жыл ішінде жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу бойынша білікті кадрлар оқытылып, даярланды. Инженерлік-саперлік бөлімшелердің әскери қызметшілері жарылыс қаупі бар металл сынықтарын және жарылмаған пиропатрондар мен капсюльдерді өңдеу бойынша жеке тәсіл әзірлеп, қолдана бастады.

 Арыс қаласындағы жиынтық отрядтың жұмысына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кезекті тексеріс жүргізді. Ротация жоспары бойынша келген жеке құраммен кездесу кезінде ол қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 593 рет