Сенбі, 11 Маусым 2022 01:25

Шардаралық азамат ауласында есірткі өсірген екен

Шардара аудандық полиция бөліміне тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда ер адам Шардара қаласының тұрғыны үйінің ауласында есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрғанын айтқан. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті тұрғынның ауласынан 6 түп есірткіге ұқсас өсімдіктің  өсіп тұрғаны анықталды. Полицейлер алынған есірткіге сот-сараптама тағайындап, «қарасора» болып шықты.  Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай ер адам есірткі өсімдігіне ұқсас затты өзі тұтыну үшін өсіріп баптаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз егіп-өсіру заң алдында жауап беретіндігін ескертеді. Денсаулығымызды сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің еліткеніне ермей адамдық қалпымыздан айнымайық. Зиянды заттардың өз өмірімізге, отбасымызға, бүкіл қоғамға зиянын тигізетінін саналы түрде сезінейік.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 234 рет