Жексенбі, 23 Қазан 2022 11:24

Отырар: жоғары сынып оқушыларымен тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізілді

Темір ауыл округіндегі Темір жалпы орта мектебінде келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу бағытында жоғары сынып оқушылар арасында кездесу жиыны өтті.

Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі психолог маманы Л. Сейталиева және АПБ-ның ӘЗЗҚТ инспекторы З.Надирова, Отырар аудандық Емхана акушер гинекологі Г.Сайдубекова емхана психологі Г.Шохаева«Жас ұя» Жастар денсаулық орталығы мекемесінің әлеуметтік қызметкері В.Ерназарова қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты жастар арасында ерте жүктіліктің, құқықбұзушылық пен тәуелділіктің, зорлық-зомбылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу болатын. Жиын барысында Мекеме психологы Л.Сейталиева АПБ-нің қызметкерлері және Аудандық Емхана «Жас ұя » Жастар денсаулық орталығының мамандарымен бірлесе отырып өзекті тақырып аясында түсіндірме жұмыстары, көңіл күй күйзелістерінің алдын алу тренингі жүргізіліп парақшалар таратылды.

Сондай-ақ, Маяқұм ауыл округіне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде де дәл осындай кездесу жиыны өтті. Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі психолог маманы Л. Сейталиева, Отырар аудандық Емхана психологі Г.Мұсабекова, «Жас ұя» Жастар денсаулық орталығы мекемесінің әлеуметтік қызметкері В.Ерназарова, Мектеп директоры К.Алипбеков, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қыздар ұйымының жетекшісі қатысты. Бұл кездесудің де мақсаты сол –  жастар арасында ерте жүктіліктің, құқықбұзушылық пен тәуелділіктің, зорлық-зомбылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу. Жиын барысында Мекеме психологы Л.Сейталиева Аудандық Емхана «Жас ұя » Жастар денсаулық орталығының мамандарымен бірлесе отырып өзекті тақырып аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қоса оқушыларға көңіл күй күйзелістерін қалыпқа келтіру, қарым-қатынасты нығайтуға арналған тренингтер жүргізілді. видео-роликтер көрсетілгенін айта кетейік.

Мұнымен қоса, Темір ауыл округіндегі Темір ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімдігінің бас маманы Ж. Казиева және "Жастар ресурстық орталығының ауылдық округ инспекторы Д. Құрамысованың ұйымдастыруымен Отырар АПБ-ның ӘЗЗҚТ инспекторы З.Надирова, Аудандық орталық Емхана психологы Г.Шохаева Жас ұя жастар денсаулық орталығы психолог маманы Қ. Әлмахан әлеуметтік қызметкері В.Ерназарова Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Л.Сейталиеваның қатысуымен ауыл тұрғындары арасында Әйелдің қоғамдағы рөлі,заңды психологиялық кеңес атты тақырыпта кездесу болып өтті. Іс-шараның мақсаты қоғамда белең алып бара жатқан келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, заңдық психологиялық тұрғыда кеңес беру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,қарым-қатынасты нығайтуға арналған тренингтер өткізіліп парақшалар таратылды.

Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау ор­ган­дарының ғана емес, ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадаға­лауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қа­лып­тасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері ерекше орын алады. Ал са­­бақтан тыс уақыттарда, каникул кез­­дерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдас­тырылмауы, көше­дегі келеңсіз оқи­ға­­лар­дың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы анық. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Елімізде кәмелетке тол­­маған құқықбұзушылардың ісімен шұ­ғылданатын комиссия құрылған. Оған айтар­лықтай арнайы өкілеттіліктер берілген. Егер ата-ана баласының тәрбиесіне қа­рамаса, комиссия оларды ата-ана құқынан да айыра алады. Келешек ұрпақтың осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу үшін жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек.

Осы орайда арнайы жүйелі құрылған жоспарлар бойынша әрбір жеткіншекке, әрбір ата-анаға Қазақстан Республикасының 13.08.2002 жылғы «Бала құқықтары туралы» Заңы,Салауатты өмір салтын құқықтық қорғау үшін Қазақстан Республикасының «Шылым шегуге қарсы күрес туралы», «ЖИТС аурының алдын алу туралы», «Алкогольге қарсы күрес туралы» Заңы,Қазақстан Республикасының Әкімшілік, Азаматтық қылмыс- тық кодекстері: кәмелетке толмағандардың құқық бұзу- шылықтары туралы, Қазақстан Республикасының «Отбасындағы неке туралы» Заңдары бойынша арнайы түсіндірме жұмыстары жасалынып, құқықтық жалпы оқыту қоғамдық пән мұғалімдерінің жетекшілігімен ақпараттық-насихаттық лекторлық топтарымен сауаттылықтарын арттыру керек. Сонымен бірге отбасында баланы қалай тәрбиелеу керек, қазіргі қоғамдағы балаға ең қажетті не нәрсе екендігін айқын көрсететін бағдарламалар жасалынып, клубтар жұмыс жасаса өз жемісін берері белгілі.

Интернет билеген заманда түрлі жағымды-жағымсыз жаңалықтар айналамызды қоршағанда әркім өзіне керегін таңдап алуы керек. Бірақ жасөспірімдер бұл жағын ескермесі белгілі, сол себепті баламыз ғаламторда отырғанда да қандай да болмасын әлеуметтік желіні пайдалануда да бақылау болуы керек. Қазіргі техниканың дамыған шағында қылмыстық істердің орын алатын жері мен себебі осы ғаламтор болып отыр. Қоғамға қауіп төндіріп тұрған дінімізге қайшы жат ағымдар да осы әлеуметтік желі арқылы жымысқы ойларын іске асырып, оған жасөспірімдерді де араластырып жатыр. Сол себепті әрбір ата-ана балаға белгілі бір шектеу қойып, бақылау жасап отырса бала әлеуметтік желінің тек пайдалы тұсын тұтынары анық.

Бұндай жұмыстар отбасында баланы рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге, мінез-құлық этикаларын қалыптастыруға, жасөспірімдердің дұрыс жан-жақты тәрбие алып өсуіне көмектесері анық. Жасөспірімдер тәртібіне қатысты назарда тыс қалып келе жатқан тағы бір мәселе – колледждерде білім алушы жастардың жайы. Көптеген оқушылар 9-сыныпты аяқтаған соң, білімдерін колледждерде жалғастыратыны белгілі. Демек, ондағы оқушылар да кәмелетке толмағандардың қатарына жатады. Негізінен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың құпиясы тез ашылады. Өйткені олар қылмысқа балалықпен, аңғалдықпен барады. Демек, қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылына байланысты екенін есте ұстау керек. Бас бостандығынан айрылғандар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.

Және бір айта кетерлік ақпарат, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Балтакөл ауыл округінде түңгі рейдтік іс-шара өтті. Балтакөл ауыл округіндегі бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандара дүкендерде кәмелет жасына жетпеген балаларға спирттік және темекі өнімдерін сатпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Шараны Отырар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы мен Отырар ауданының Полиция бөлімінің жергілікті учаскелік полиция инспекторы және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жауапты мамандары бірлесіп атқарды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 264 рет