Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы «Түркістан жоғары медициналық колледжінде» жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді.
Акцияға 150-ден аса оқушы мен студент қатысты.
Тәртіп сақшылары кездесу барысында есірткі заттарының адам өмірін қалай құртатынын, сондай-ақ оның соңы қылмыспен аяқталатынын түсіндірді.
«Нашақорлық адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Нашақорлық әлемдегі проблемалардың ең ауыры болып отыр. Ол сондай-ақ, мемлекет қауіпсіздігіне де біршама зиянын тигізуге қауқарлы.БҰҰ мәліметінше, әлемде есірткіге ең құмар халық АҚШ-та тұрады. Бұл мемлекеттегі 28,6 млн адамның зиянды әрекетке әуестігі бар. Мұнда дозаны артық қабылдаудың кесірінен жылына 200 мың адам ажал құшады. Олардың көбінің жасы 23-ке де жетпейді екен.Сонымен, миллиондаған адамды шырмауына түсіріп жатқан кейбір есірткі түрлері мен алкоголь адам ағзасына қалай әсер етеді? Британдық психиатр, нейропсихофармакология ғылымының профессоры Дэвид Натт пен зерттеуші топ бізге өте қажетті ақпараттар ұсынады», деген мамандар келесі кезекте есірткінің адам денсаулығына тигізетін кері әсерлеріне тоқталды. Есірткіге еліткен адамда ауру сезімі, сіңірлердің түйілуі, ұйқысыздық, беймазалық күйі арта түсетіндіктен, героин арқылы ем іздеуге тырысады. Нағыз мазасыздық күй соңғы дозаны қабылдағаннан соң, 4-24 сағатта орын алады да, нашақордың бұл затқа қажеттілігі күрт арта түседі. Сонымен қатар, азғаның героинға толеранттығы күшейіп, адам одан да көп дозаны қабылдағысы келіп тұрады. Героинды азық еткен нашақорлар көбінесе инфарктан, инсульттан көз жұмады. Себебі, есірткі ең бірінші жүрек-қан тамыр жүйесіне соққы береді. Тағы бір өлімге алып келетін себеп – орталық жүйке жүйесін әрдайым ынталандыруға итермелейтін артық дозалану. Сарапшылар героинды тәуелділікке әкелетін есірткі ретінде ең жоғары балмен бағалап отыр,-деді спикерлер.Тағы бір тәуелділіктің себебі ретінде миды азықтандыру үшін жылдам энергияның келуін айтса болатындай. Бұл үшін ацетат қажет етіледі де, ми қарапайым энергия көзіне үйреніп алады. Яғни, адам ағзасындағы энергияның қайнар бұлағы болып есептелетін глюкозаның орнын алкоголь алмастырады деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде жыл сайын 3,3 миллион адам спирттік сусындарды пайдаланғаннан қайтыс болатынын айтады. Бұл статистикаға ішкіліктен туындаған аурулар мен жарақаттарды да жатқызған. Ғалымдар, есірткінің заңдық статусы өзіне тәуелді ететіндігімен, зиян келтіруімен байланысты емес екенін айтады. Мәселен, заңды болып есептелетін табак пен алкоголь осындай рейтингтің жоғарғы сатысында тұр. Әрбір психоактивті заттың адам денсаулығына тигізер зияны орасан. Сол себепті, оның заңды не заңсыз еместігіне мән бермеген абзал.
Мысал ретінде нашақорлыққа байланысты бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап берді. Студенттер аталған іс-шарада ой пікірлерін жеткізіп, белсенділік танытты.