Қоғам үшін ең бастысы – мемлекетіміздің тәуелсіздігі, адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы болып табылады. Адам құқығын қорғау, бала құқығын қорғаудан басталады.
Отбасындағы бала құқықтарын қорғау мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде сот орындаушылардың өндірісінде 4 758 балаға қатысты 2 357 алимент өндіру туралы атқару құжаттары өндірісте.
Оның ішінде, алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттары бойынша 26 борышкердің 500 000 теңгеден астам берешегі, яғни 42 316 536 теңге берешек қарыздары қалыптасқан.
Аудан прокуратурасымен 2022 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде прокурорлық құқықтық актісімен 5 атқару құжаттары бойынша 11 417 071 теңге алимент берешегі өндірілген.
Атқару құжаттары бойынша алимент төлеуден жалтарып жүрген 6 борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Одан бөлек, аудан прокуратурасымен берешек қарызы қалыптасып, алимент төлеуден өрескел жалтарып жүрген борышкерлердің тізімі әлеуметтік желіге шығару мәселесі жоспарлануда.
Қазіргі таңда, аудан прокуратурасымен сот орындаушылардың өндірісіндегі алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттарының орындалуы қатаң бақылауға алынып, аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
Осыған орай, құрметті ата-аналар өздеріңіздің азаматтық міндеттеріңізді орындап, балалардың жарқын болашағы үшін алимент төлеулеріңізді сұраймыз.
Сарыағаш ауданының
прокуратурасы