Түркістан: "ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ-БАСТЫ БАЙЛЫҚ" КЕЗДЕСУІ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгінгі күні қоғамдық са­наны, әлеу­меттік саясатты жаң­ғырту міндеттерін айқындаған Қа­зақстан халқы Ассам­блеясы да­м'уы­ның 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабыл­данған. Осы орайда, Түркістан қаласының көпсалалы медицина колледжінің студенттеріне этносаралық кикілжіңнің алдын алу, ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында қала депутаты Ақиқат Абдулаевтың қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналыс жоғары деңгейде өткізіліп, этносаралық кикілжіңнің алдын алу, тұрақтылықты нығайту бағытында сөз қозғап, кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді.

Еліміздің жаңа тарихының шешуші кезеңдерінде Ассамблея әрдайым тұ­рақтан­дырушы және біріктіруші рөл атқарып келеді және еліміздегі бейбіт­шілік пен келісімнің шынайы кепілі болып қала беретініне біз сенеміз!!!

Түркістан: Қорғаныс саласының басшылық құрамы темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысып қайтты

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі - шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру болып табылады.

Түркістан облыстық Қорғаныс істері департаменті мен Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық Қорғаныс департаментіне қарасты аудандық/қалалық басқарма басшылары Кентау қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының тәртібімен танысып қайтты.

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 30 - ға жуық лауазым иелерін уақытша ұстау изоляторының жұмысымен, яғни қамаудағыларды ұстау шарттарымен, айыпталушының жататын жерінен бастап, медициналық бөлме, асхана, аула сынды жерлермен жіті таныстырып шықты.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға тура жолдан таймаңдар деген сөздерін бірнеше рет қайталап, пара алудың, яғни қызмет бабын пайдаланып ақша табудың соңы осылай болатынын ескертті.

Әрине, көзге жақсы көрініс бермейтін шараның куәгерлері мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көріп, тар қапаста отырғандардың өкінішін жүрекпен сезіп, олардың қатесін қайталамайтынын білдірді.

Темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысу жұмыстары әрі қарай жалғасын табатын болады.

 

Cарыағаш: Аяқ киіміне есірткі жасырған шетелдік қамауға алынды

Cарыағаш аудандық полиция бөліміне шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Наоми» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі береді.

Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдікті азаматтың аяқ киімінен есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «гашиш» есірткісі екені расталды.

Ұсталған орта жастағы азаматтың Тәжікстан елінің тұрғыны екені анықталды. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан:Полицейлер есірткі жарнамалаған 214 сайтты анықтады

Түркістан облысының полицейлері интернет әлеміндегі есірткі саудасына тосқауыл қою, есірткі қылмысының алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Мәселен жыл басынан бері ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлерімен, осындай заңсыз әрекетпен айналысатын 214 есірткі сайттары анықталып, оларды бұғаттау бойынша шешім қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органға жолданған.

Жалпы облыс полицейлері 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысын тіркеді. Оған қоса 208 есірткі теріс қылықтары анықтады. Оның ішінде 19-ы есірткі сату қылмысы, 19-ы аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і есірткі контрабандасы. Есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ 200 000 түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленіп алынды.

Түркістандық тәртіп сақшыларымен бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылып, есірткісіз қоғамның қалыптасуы жолындағы іс-шаралар іске асырыла бермек. Есірткімен күрес – ешқашан тоқтамайды!

Түркістан: Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысатын үміткерлердің әңгімелесуден өту кестесі

Әңгімелесуден өту кестесі

  1. Набиев Бекзат Мирзанұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 16:00
  2.  Абдусамат Ерғали Умарұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 16:15
  3. Данияр Қанат Қайратұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат в 16:30
  4. Өмірбеков Байбек Нұрбекұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 16:45
  5. Құрақбай Құнанбай Дәулетұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 17:00
  6. Оманов Сапарали Ахбаралиевич, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 17:15
  7. Шамшат Мұхаммедхайдар Оралбайұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 17:30

Түркістан: Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер "Адал көмек" жобасы аясында өз шешімін тапты

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсететін «Адал көмек» жобасын жүргізіп келеді.

Келелі жобаның негізгі мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.

Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен бүгін денсаулық сақтау саласындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелеріне құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.

Олардың қатарында, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Түркістан қалалық емханасы, Түркістан қалалық балалар емханасының өкілдері бар.

Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері денсаулығына байланысты портал ашу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді, сондай-ақ екі азаматқа мүгедекттік топ алуына шешім шығарылып, медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жолдама берілді.

Айта кетейік, «Адал көмек» жобасы аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін айына екі рет тұрғындардың келуіне қолайлы, жұртшылық көп шоғырланатын орындарда өтетін болады.

ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өңірде өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша көмек көрсету үшін қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар медициналық-әлеуметтік есепке алынады. Облыстағы қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға құқықтық-психологиялық көмек көрсететін орталық қызметін бастады. Онда психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі.

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу мен әйелдердің денсаулығын қорғау туралы мәселелер қозғалды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар туралы да айтылды.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қылмыстың алдын алу мақсатында полиция тарапынан көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Тіркелген қылмыстарды сараптаған мамандар отбасындағы жанжалдың орын алуына көп жағдайда ішімдік себеп екенін айтады. Сотқа жолданған іс құжаттардың 64% екі жақтың татуласуына байланысты қысқартылған.

Облыс бойынша босану жасындағы әйелдер саны 444 мыңнан асады. Оның ішінде жүкті әйелдер саны – 32 303. Жыл басынан бері 37 мыңнан астам нәресте дүниеге келген. Әйел денсаулығын жақсартуға бағытталған барлық жұмыстар жүзеге асырылуда. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, ұрпақты болуға қабілетсіз деп танылған пациенттерге экстракорпоралдық ұрықтандыру әдістері ұсынылады. Биыл 670 квота бөлініп, 520 жұп арнайы медициналық орталықтарға жолданды.

Ана өлім-жітімін төмендету бойынша шаралар кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жарақтандыру, екпе егу, контрацепциялау, жүктілікке алдын-ала дайындау, цифрландыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтитын жоспарлар шеңберінде іске асырылуда.

САЙРАМ: «УЧАСКЕ» ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Сайрам ауданы аумағында 2022 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін елге кіретін Ресей азаматтарының саны күрт өсуіне байланысты елдің жедел жағдайына, қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне әсер етуінің алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарды анықтау, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату және аумақта қоғамдық-саяси жағдайды қадағалау мақсатында өткізіліп отырған «Учаске» ЖПІШ барысында жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, ІІО-да есепте тұратын тұлғалар, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, жастар және кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын жерлер, саяжай алқаптары, жертөлелер, мал қоралар, қасапханалар мен өзге де орындар тексеріледі.

Іс-шараның алғашқы 10 күнінде барлығы 770 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалға берілетін 12 пәтер, 18768 тұрғын массивтері, 51 шаруа қожалықтары, 45 сауда орындары мен базарлар, сонымен қатар ІІО-да есепте тұратын 128 тұлға мен 584 қару иелері тексерілді.

Аталған іс шара барысында Сайрам АПБ қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара жалғасуда.