Жұма, 14 Қазан 2022 12:12

Түркістан:Полицейлер есірткі жарнамалаған 214 сайтты анықтады

Түркістан облысының полицейлері интернет әлеміндегі есірткі саудасына тосқауыл қою, есірткі қылмысының алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Мәселен жыл басынан бері ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлерімен, осындай заңсыз әрекетпен айналысатын 214 есірткі сайттары анықталып, оларды бұғаттау бойынша шешім қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органға жолданған.

Жалпы облыс полицейлері 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысын тіркеді. Оған қоса 208 есірткі теріс қылықтары анықтады. Оның ішінде 19-ы есірткі сату қылмысы, 19-ы аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і есірткі контрабандасы. Есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ 200 000 түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленіп алынды.

Түркістандық тәртіп сақшыларымен бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылып, есірткісіз қоғамның қалыптасуы жолындағы іс-шаралар іске асырыла бермек. Есірткімен күрес – ешқашан тоқтамайды!

Оқылды 272 рет