Шымкент: Маятас, Елтай, Тоғыс тұрғын алабындағы көпір құрылысы қарашада аяқталады

Биыл Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын алаптарда төрт көпірдің құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Бүгінде құрылыс барысы қарқын алған. Жаңа инфрақұрылым жүйесі аяқталуға таяды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

ШЫМКЕНТ: «INTELLECTUALDY ULT» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылмақ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева және «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаевтың қатысуымен «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы бойынша брифинг өтті.

Түркістан облысындағы көпқабатты тұрғын үйлер қысқы маусымға толық дайын

Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60 пайызы тасымалданған.

Шымкентте «IT CAMP» жобасы жүзеге асырылуда

Шымкентте биыл жаңа оқу жылы жақсы жаңалықтармен басталған болатын. Қаламызда Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты ашылып, жұмысын бастаған еді.