Конституция – күнделікті өміріміздің құқықтық негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сөз қозғағанда, оны тек заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық құжат ретінде қабылдауға болмайды деп ойлаймын. Конституция – әрбір азаматтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты негізгі құжат. Біздің білім алуымыздан бастап, еңбек етуімізге, медициналық көмек алуымызға, өз пікірімізді білдіруімізге және мемлекет өміріне араласуымызға дейінгі көптеген мәселелердің құқықтық негізі Конституцияда бекітілген.

Менің түсінігімде, Конституцияның басты құндылығы – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталуында. Азамат өз құқығын білген кезде ғана оны талап ете алады, ал өз міндетін түсінген кезде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді. Сондықтан Конституцияны білу – тек заң талаптарын білу емес, өзіңнің азаматтық мүмкіндіктерің мен жауапкершілігіңді түсіну.

                                                                                                                                                                                                   Белгібай Мария Имансарықызы, 

                                                                                                                                                                                                   Отырар ауданының ардагер ұстазы.

Түркістанда ұлттық құндылықтарды дәріптейтін Орталық алаң мен Рәміздер алаңы салынуда

Түркістан қаласының жаңа қала аумағында Орталық және Рәміздер алаңы бой көтереді. Жаңа нысан ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын насихаттайтын қоғамдық кеңістік ретінде қалыптаспақ.

Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 45-ші сессиясы өтті

Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 45-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Жандос Тасов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары, бөлім басшылары және тиісті мекеме басшылары қатысты.Мәслихат сессиясын қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов жүргізді.

Созақ ауданы: мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Құрылтай сайлауы – азаматтық белсенділік пен ел болашағының кепілі

23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – Қазақстандағы қатысушы демократияның дамуына бағытталған маңызды белес. Бұл сайлау арқылы әр азамат елдің болашағын қалыптастыруға нақты үлес қоса алады. Тамыз айында өтетін сайлау азаматтық қоғамның саяси салмағын арттырып, мемлекеттік басқаруды сапалы жаңа деңгейге көтереді.

Созақ ауданында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық талаптар түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерғали Жұмабаевтың төрағалығымен Созақ ауданында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық талаптарды түсіндіруге арналған семинар өтті.

Созақ ауданы: аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Сауран ауданы: жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекзат Абубакировтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оң қорытындысы негізінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалуы рәсімделіп, бес мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.