Кентау қаласы ҰБТ қорытындысы бойынша облыс көлемінде I-орында

Түркістанда президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының Тамыз конференциясында айтылған тапсырмаларын орындау жолдары талқыланған кеңейтілген мәжіліс өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжіліске аудан, қала әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, жоғары оқу орындарының өкілдері, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мамандары, ардагер ұстаздар мен сала сарапшылары қатысты. Мазмұнды баяндамалар жасалып, мәселелер көтерілді және оны шешу жолдары қаралды. Өңірдегі білім сапасының қазіргі жағдайы сараланып, нақты міндеттер айқындалды.

Созақ ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында 800-ге жуық балаға демеушілік қолдау көрсетілді

Қазіргі таңда ауданда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Игі бастама әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға жәрдемдесіп, сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауға бағытталған.

Отырар ауданында 1142 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Бүгін Отырар ауданындағы білім беру ұйымдарында жаңа 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Аудандағы 41 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 1142 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Биыл аудандағы оқу ордаларында жалпы 12500-ге жуық оқушы білім алмақ.

Сауран ауданында 300 орындық Абай атындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Түркістан облысы Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде 300 орындық Абай атындағы жалпы білім беретін жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Жаңа білім ордасының ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, ауыл тұрғындары, білім саласының өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Кентау қаласында биыл мектеп табалдырығын алғаш рет 2 010 бүлдіршін аттады

Кентау қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай барлық білім беру ұйымдарында Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Мерекелік шаралардың бірі Ә.Молдағұлова атындағы №19 жалпы орта мектебінде ұйымдастырылып, оған Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысты.

Созақ ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды

Созақ ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шараға А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектепте қатысып, ұстаздар қауымын, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады.

Шымкентте педагогтер жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен педагогтері бас қосып, алдағы оқу жылына дайындықтың негізгі бағыттарын талқылады. Жол көлік колледжінде өткен тамыз педагогикалық конференциясы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді саралап, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

Кентау қаласында дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті

Кентау қаласында жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтап, білім беру саласының алдағы міндеттерін айқындау мақсатында дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды.