Шымкентте 350-ге жуық велошабандоз 20 шақырымдық қашықтықты бағындырды
Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Шымкент веломарафоны» өтті.
Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Шымкент веломарафоны» өтті.
Астанада өткен КЛЛФ-2026 Қазақстан біріншілігінде 50+жас санаты бойынша ел чемпионы атанған «Түркістан» командасы бүгін туған қаласына жеңіспен оралды.
Түркістанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы кіші футболдан Түркістан облысының ашық біріншілігі басталды.
Шымкент қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогы басталды. Еліміздің әр өңірінен жиналған жас спортшылар бас қосқан байрақты бәсекенің салтанатты ашылу рәсімі «Билайн Арена» спорт кешенінде өтті. Биылғы турнирдің орны ерекше. Себебі Қазақстан кубогы өзінің он жылдық тарихын қорытындылайтын мерейтойлық жарыс ретінде ұйымдастырылып отыр.
Қазақтың ұлттық ойындарын жинақтап, жүйелеп, ғылыми тұрғыда зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуге өлшеусіз үлес қосып жүрген белгілі жаттықтырушы, өнертапқыш, тоғызқұмалақ және бестемше ойындарының республикалық әрі әлемдік деңгейдегі жаттықтырушысы және төрешісі – Жандос Полатбеков.
Бүгін Түркістан қаласында «Спорт күніне» орай салтанатты іс-шара өтті. «Мәдениет үйінде» өткен мерекелік жиында спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен спортшыларға құрмет көрсетілді.
Бүгін Түркістан қаласында Спорт күніне орай «Заң мен тәртіп» ұранымен 3х3 баскетболдан U-12, U-14 және U-16 жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Түркістан облысының ашық турнирі өтті.
5-9 тамыз аралығында Түлкібас ауданында 2010 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Түркістан облысының ашық чемпионаты өтті. Аталған жарысқа «Созақ аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің құрама командасы қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.