Әдебиет

Әдебиет (29)

Түркістанда Абай мұрасы ұлықталып, жастарға «Абай жолы» сыйға тартылды

Түркістан қаласында ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Түркістан: «Саябақтағы кітапхана» жобасы аясында әдеби-зияткерлік кеш өтті

Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Саябақтағы кітапхана» жобасы аясында әдеби викториналар мен зияткерлік ойындар кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау.

Түркістанда «Кітап – достықтың алтын көпірі» атты халықаралық кітап көрмесі ашылды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі аясында «Кітап – достықтың алтын көпірі» атты халықаралық кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Түркістан қаласында мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде Қасымхан Бекмановтың шығармашылық кеші өтті

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби және Қазақстан Жастар Одағы сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Қасымхан Бегмановтың шығармашылығына арналған «Қазақ деп мұңға баттым мен» атты әдеби-сазды ән-жыр кеші өтті. Алдымен келушілер кітап көрмесін тамашалады.

Түркістандық зиялы қауым өкілдері Өзбекстанға әдеби сапармен барды

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өңірдің зиялы қауым өкілдері Өзбекстанға әдеби сапармен барды. Делегация мүшелері Жызақ қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер Шараф Рашидовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Отырарда «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты рухани кеш өтті

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Отырар аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара аясында белгілі суретші, ақын, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлымен кездесу өтті.

Түркістандағы халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі қаламгер мен оқырманның арасына алтын көпір болды

Түркістан төрінде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі жалғасын табуда. «Turkistan Book Fair» жәрмеңкесіне алыс-жақын шетелдер мен еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық баспа ұйымы қатысуда. Олардың қатарында Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы (Якутия), Ресей және Моңғолия бар.

Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында «Өнері өрге шалқыған орда» кітабының тұсаукесері өтті

ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында композитордың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында апталық өтуде. Шара аясында композитордың өмірі мен шығармашылығын еске алуға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Отырар ауданы: 10 тамыз - Ұлы Абайдың туған күніне орай Абай апталығы басталды

Биыл халқымыздың біртуар ақыны – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге, яғни, 10 тамыз - Хакім Абайдың туған күніне орай Отырар кітапханасында Абай апталығының ашылу салтанаты өтті.

Созақ ауданы: қарымды қаламгер ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәрсенбек Теңізбаевқа құрмет көрсетілді

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков қарымды қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Созақ үні» газетінің Бас редакторы Сәрсенбек Сайлаубекұлын қабылдап, 63 жасқа толған мерейтойымен және зейнеткерлік жасқа қадам басуымен құттықтады.

Осы RSS каналға жазылу