Заң мен тәртіп: Жастар алаяқтардың арбауына түспеуі керек

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласының тоғыз жоғары оқу орнында бірінші курс студенттеріне арналған «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында бір мезетте профилактикалық кездесу өтті. Жаңа ортаға бейімделіп, өз бетінше қаржылық шешімдер қабылдай бастаған жастар үшін мұндай түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Себебі студенттік кезеңде алғаш рет банк картасын пайдалану, онлайн сауда жасау, жұмыс іздеу, ақша аудару немесе инвестицияға қызығушылық таныту сияқты қаржылық операциялар көбейеді.

Шымкентте "Есірткісіз қала" акциясы басталды

Шымкентте есірткінің таралуына жол бермеу, оның алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Шымкент – есірткісіз қала» жалпы қалалық акциясы басталды.

Сауран ауданында «Заң мен тәртіп – тұрақтылық негізі» тақырыбында жиын өтті

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі мен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп –тұрақтылықтың негізі» тақырыбында жиын өтті.

Отырар ауданында санитарлық тазалық талаптарының сақталуы қатаң бақылауда

Отырар ауданында қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағында құрылған жұмысшы топ кезекті рейдтік іс-шара өткізіп, санитарлық тазалық талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді.

Созақ ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы Қаратау ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Созақ ауданы: «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында дін саласындағы тұрақтылыққа арналған кездесулер өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бағытында өндіріс орындарының қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Созақ ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған мәжіліс өтті

Созақ ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, Созақ ауданы прокурорының орынбасары Асылбек Туршеков, аудандық полиция бөлімі мен кент және ауылдық округ әкімдері, «Оңтүстік жолдары» МКК-ның мамандары, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, сондай-ақ салаға жауапты мамандар қатысты.