740 және 935 грамм: Шымкентте егіздер аман-есен үйлеріне шықты

Шымкент қалалық перзентханасының дәрігерлері жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келген егіз қыздарды аман алып қалды. Салмақтары небәрі 740 және 935 грамм болған сәбилер 85 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болып, үйлеріне шығарылды. Нәрестелер кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.

Иммунитет –денсаулықтың маңызды тірегі

Шымкент қалалық №6 емханасының иммунолог дәрігері Шералы Мадина Алишерқызы иммунитеттің адам ағзасындағы маңызы және иммундық жүйені нығайтудың тиімді жолдары туралы айтып берді.

Құтырудың алдын алу – әр адамның жауапкершілігі

Құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, адам мен жануарға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың негізгі ерекшелігі – клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін оның соңы, әдетте, өліммен аяқталуы мүмкін. Сондықтан құтырудың алдын алуда сақтық шараларын сақтау және жануармен байланыстан кейін медициналық көмекке дер кезінде жүгіну аса маңызды.

Шымкентте бүйрек трансплантациясының 256-операциясы сәтті өтті

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында туыстық донордан алынған бүйректі трансплантациялау бойынша кезекті, 256-шы операция сәтті орындалды. Жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің бұл түрі ауруханада бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып отыр.

Тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы – вакцинация!

Күз бен қыс мезгілінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтыру қаупі арта түседі. Тұмау – адамнан адамға тез таралатын вирустық инфекция. Әсіресе балалар, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар азаматтар үшін аурудың асқыну қаупі жоғары болуы мүмкін. Сондықтан тұмаудың алдын алу шараларын дер кезінде қолға алу маңызды.

Шымкенттік дәрігерлер ауыр жарақат алған Тәжікстан азаматын аман алып қалды

 

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері ауыр жарақатпен жеткізілген Тәжікстан Республикасының 25 жастағы азаматының өмірін сақтап қалды. Науқас медициналық мекемеге аса ауыр жағдайда жеткізіліп, шұғыл түрде жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылған.

Шымкентте МӘМС жүйесін цифрландыру жұмыстары жалғасуда

 

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында медициналық көмекті цифрландыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық отырыста қаралды.

Шымкентте ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға ерекше назар аударылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова күзгі-қысқы кезеңдегі ЖРВИ мен тұмау эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу шаралары туралы айтты.