Шымкентте жаңа жолайрық ашылды

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысын оңтайландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. БүгінБәйдібекбидаңғылыменТөлеметовкөшесініңқиылысындажаңажол-көлікайырығыныңэстакадасыарқылыкөлікқозғалысыіскеқосылды.

Шымкенттен тағы 27 азамат әскерге аттанды

Шымкент қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Қаланың 27 азаматы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына аттанды.

Шымкентік ұстаздар ұлықталған күн

Шымкентте Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға, ұстаздық – ұлы міндет» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, адам құқықтары мен бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілдер, Білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің мүшелері, педагогика саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар – барлығы 2 мыңға жуық адам қатысты.

Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту орталықтарының желісін дамыту аясында, Бозарық шағынауданында салынды. Құрылысы 2024 жылдың желтоқсанында басталып, мерзімінен бұрын аяқталып отыр.

 

Шымкентте «Street Food Fest» фестивалі өтті

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам индустриясының үздік өкілдерін бір алаңға жинады.

Шымкентте аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аға буын өкілдерінің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қала әкімі Рахматулла Мәуленов, Өркен Әбдіреев, Шәки Күлмажитов және Сәбит Рүстемовтің үйлерінде болып, олардың өмір жолымен танысып, ақжарма тілегін жеткізді. Жылы жүздесулер барысында қариялар өздерінің өмірлік тәжірибесі мен естеліктерін ортаға салып, еңбек жолдары, қызметтік кезеңдері және отбасылық дәстүрлері жайында әңгімеледі. Әңгіме барысында аға буын өкілдері кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық құндылықтар мен өнегелі өмір жолдары туралы ой бөлісті.

Шымкентте «Қаржы сақшысы» республикалық интеллектуалды ойыны өтті

Шымкент қаласында жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және түрлі қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Қаржы сақшысы» республикалық интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Шымкентте жастарға экологиялық жауапкершілік түсіндірілді

Шымкентте «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» республикалық акциялары аясында тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

 

Бүгін қаладағы №140 жалпы орта мектебінде «Таза Қазақстан – таза болашақ» тақырыбында экологиялық сабақ өтіп, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, ауаның және судың ластануын болдырмау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселелері түсіндірілді. Оқушылар экологиялық жобаларын таныстырып, қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты тәжірибелік жұмыстар көрсетті. Мектепте экологиялық бағыттағы арнайы үйірме де жұмыс істейді.

 

Сонымен қатар бүгін қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының 70-ке жуық студентінің қатысуымен «Қалдықсыз қала» тақырыбында да ашық кездесу ұйымдастырылды. Жастармен тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару, экологиялық талаптарды сақтау және заңсыз қоқыс орындарының алдын алу мәселелері талқыланды.

 

Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Баян Тұңғатарованың айтуынша, жыл басынан бері 37 тексеру жүргізіліп, 37 нұсқама берілген. 64 әкімшілік іс қозғалып, заң бұзушыларға жалпы 505 млн теңге айыппұл салынған. Оның 281 млн теңгесі бюджетке өндірілген.

 

Жыл басынан бері қала аумағында заңсыз 20 қоқыс орны анықталған. Оның 11-і– Әл-Фараби, 5-еуі –Абай, 2-еуі Еңбекші ауданында, сондай-ақ Абай және Тұран аудандарында тіркелген. Аталған аумақтарды тазарту жұмыстары аудан әкімдіктерінің күшімен жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы прокуратурасының прокуроры Асқар Тұрдымуратов экологиялық талаптарды сақтау тек тазалық мәселесі емес, азаматтардың құқықтық мәдениетінің де бір бөлігі екенін атап өтті.

 

Қалада мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық сабақтар, семинарлар мен ашық кездесулер тұрақты өткізіліп келеді. Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.