Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

2026 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында жастардың басын қосқан «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған ауқымды шарада еліміздің әр өңірінен келген командалар өнер көрсетіп, заңға құрмет, адалдық пен жауапкершілік тақырыптарын әзіл арқылы көрермен назарына ұсынды.

Әлемдік кітап нарығына жол тапқан Сүндет

Топты жарып, жетістікке жеткен жастардың еңбегіне қуанатынымыз бар. Бірі өнерімен, бірі білімімен, енді бірі спорттағы жеңісімен ел абыройын асқақтатып жүр. Әсіресе туған жерден түлеп ұшқан талантты жастардың еңбегі шетелге жетіп, есімі халықаралық деңгейде атала бастағанда, оның қуанышы тіптен бөлек екен. Бір жастың ғана жетістігі емес, ортаның, қазақ жастарының ізденісі мен мүмкіндігінің көрінісі. Осындай қуаныштың бірін бүгінде ақын, жазушы әрі аудармашы Сүндет Сейітовтің шығармашылық жолынан көруге болады. Шымкентте тұратын жас қаламгердің кітаптары мұхит асып, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және әлемнің бірқатар елдеріндегі кітапханалар мен кітап дүкендерінің каталогына еніп отыр. 

Ел жадындағы әндер Шанин театрының сахнасында жаңғырды

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 98-ші маусымын ерекше қойылыммен ашты. Жаңа театр маусымының шымылдығы елге танымал әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған «О, қала» спектаклімен түрілді.

Опера өнерінің аңызына - 100 жыл!

Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталық кітапханада қазақтың кәсіби опера өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Ермек Серкебаев – опера өнерінің дүлдүлі» атты әдеби-әуенді кеш өтті. 

Созақ төрінде «Мерейлі кеш» атты ашық аспан астындағы гала-концерт өтті

Созақ төрінде қазақ эстрадасының тарихында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, талай буынның жүрегінен орын алған «МузАрт» тобының шығармашылық жолына 25 жыл толуына арналған «Мерейлі кеш» атты ашық аспан астындағы гала-концерт өтті.

Түркістанда Абай күніне орай рухани-мәдени іс-шара өтті

Бүгін Түркістан қаласының Мәдениет үйінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға қаланың белсенді жастары мен пробация қызметінің есебіндегі жастар қатысып, Абайдың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты.

«Түркістан әуендері» мерекелік концерті өтті

Түркістан қаласындағы «Жасанды көл» саябағында ашық аспан астында «Түркістан әуендері» атты мерекелік концерті өтті. Концерттік бағдарламада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнер ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті.

Түркістанда «Би Патшалығының Падишасы» атты шығармашылық кеш өтті

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ би өнерінің көрнекті өкілі Ұлжан Әбенқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Би Патшалығының Падишасы» атты шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.