Шымкент: Қаратау ауданында инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштері артып келеді

Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады.

Шымкентте Республика күніне орай жастар шеруі өтті

25 қазан – Республика күніне арналған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. Шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырды. Шерудің мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау және олардың патриоттық рухын көтеру болды.

Шымкент: Еңбекші ауданында спорт алаңшалары мен гүлзарлар салу жұмыстары жалғасуда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Еңбекші ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі айтты. 

Шымкент: Еңбекші ауданы тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету басты мақсат

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.

Шымкентте неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен жастардың басын қосқан шара өтті

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері басқосып, жазушы, әдебиеттанушы, аударшамы, публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай, «Герольд Бельгердің әдеби мұрасы: Қазақстан және әлем әдебиетіне қосқан үлесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. 

Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Шымкентте бір ғана сейсмикалық станция бар. Бірақ оның өзі күрделі жөндеуді талап етіп отыр. Құрылғылары ескіріп, ғимаратының тозығы жеткен. Бұл мәселе қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Сондай-ақ 7 балдық жер сілкіну қауіпі бар қаладағы тұрғын үйлердің сейсмикалық жағдайы айтылды.

Шымкент әкімі бір отбасын құтқарып қалған слесарды марапаттады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған қарапайым дәнекерлеуші  Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады. Қала әкімі  қайғылы оқиғаның алдын алған газ  қызметкерінің  қырағылығы  мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді.

Шымкенттік оқушылар «Қыран елім-Қазақстан» атты флешмобқа қатысты

Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық флешмоб өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырған. Жалпы, аумағындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысқан жиында рухты әндер айтылды, домбырамен күй шертілді.