"NUR OTAN" партиясы Мақтааралға 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр. 

"Ауыл" партиясы Мақтааралға қайырымдылық автокеруенін жөнелтті

  «Ауыл» партиясының «Біз Мақтаралдықтармен біргеміз» атты қайырымдылық автокеруені  Мақтарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарға аттанды. Жүк көліктеріне тиелген 20 тоннадан астам азық-түлік Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апат салдарынан қиындыққа тап болған отандастарымызға таратылады.

Мақтаарал: Су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден төленеді

Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси ауылдарын аралап, елдімекен тұрғындарымен кездесті.