Шымкентте бірқатар нысандар қала меншігіне қайтарылуда

Түркістан облысының құрылуына және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуіне байланысты, көптеген нысандар Түркістан облысының балансына өткен болатын. Алайда, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар маңызды нысандарды қайта қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келіссөздер жүргізді.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында ауыз су мәселелеріне қатысты жиын өтті

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев «Таза су» мекемесінің мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, «Таза су» мекемесінің директоры Асан Құрымбеков пен мекеменің мамандары, салалық бөлімдердің басшылары қатысты.

Түркістан облысы: Дархан Сатыбалды Кентау жылу орталығындағы ауқымды жөндеу барысын бақылауға барды

Кентау ЖЭО-да ауқымды жөндеу барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мердігерлермен жолығып, жұмыс барысын пысықтады. Керек қондырғыларды жеткізуші шетелдік компания жетекшілерімен байланысып, мән-жайды нақтылады. Кеншілер шаһарына арнайы барған облыс әкімі мердігерлерге маңызды істі аса жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында.

Түркістан: Сарыағаш пен Келес аудандарында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған білім, денсаулық, мәдениет нысандарын аралады. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын қадағалады.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында Жастар ресурстық орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Төлеби ауданында Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Construction Group SAMRUK» ЖШС.

Түркістан: Сарыағаш пен Келес ауданында әлеуметтік және қоғамдық мәселелер талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барды. Онда өңірдегі әлеуметтік және қоғамдық өзекті мәселелерді талқылау, шешу жолдарын қарастыру мақсатында жиын өткізді.

Түркістан облысы: сайрамдық аналарға құрмет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 25 наурыздағы №497 Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай, аталған Жарлық аясында Сайрам ауданындағы көпбалалы 36 ана марапат төрінен көрінді. Оның ішінде, жетеуі «Алтын алқа», жиырма тоғызы «Күміс алқа» иегері атанды.

Түркістан: облыс әкімі Түркістан қаласында салынып жатқан бірқатар ғимараттардың құрылыс барысымен танысып шықты

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды алдымен облыс орталығында бой көтеріп жатқан Достық үйінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді.  Түркістандағы Достық үйі биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр.