Шымкентте : «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру" тақырыбында конференция өтті

Бүгін «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады.

Түркістан: «Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды»

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, ұлтаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Түркістан: мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалуда

Түркістан облысында жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары техникалық, құрылыс және ауылшаруашылық салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім салаларына бағытталған.

Шымкентте Ш.Қалдаяқовтың 94 жылдығына арналған "Әнім сен едің" гала-концерті өтті

Шымкент қаласында қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ерекше мәдени іс-шаралар өтті. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Әнім сен едің» гала-концерті халықтық сипатта ерекше ықыласпен қабылданды.

Шымкент: Жастар еңбек жасақтары маусымдық жұмысын жалғастыруда

«JASYL EL» атауы әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның еңбек маусымы жалғасуда. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. Осы ретте жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан жобаның биылғы жаңалықтары туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік.