Түркістан облысы: жетісайлықтар Арысты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етіп жатыр

Арыстағы бірінші сектор Атырау облысы мен Жетісай ауданына берілген аймақ. Онда барлығы 482 үй бар. Ал 50 үйдің құрылысы қайта салынуда. Қазіргі таңда құрылыстар қарқын алып, тұрғындар қоныс тойларын тойлайтын күн де жақын. Ал, одан бөлек арнайы штаб қызметкерлері де өз міндеттеріне сай жұмыстар атқаруда.

Түркістан: Мақтааралда «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы білім беру басталды

Мақтаарал ауданында «Жас кәсіпкер» жобасына 76 азамат қатысып білім алудың алғашқы легін бастады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған бастама Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен жасалған. Игі шараға аймақтан қызығушылық танытқандардың саны артуда. Қазірдің өзінде 400-ге жуық кәсіп ашам деген ниетті тұрғындар өз өтініштерін білдерген.

Түркістан халқын газдандыру жұмыстары 2019-2020 жылдары толықтай аяқталады

Түркістан қаласы әкімдігі газдандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, «Иассы» шағынауданы, «Ыждыхат» тұрғын үй массивін газдандыру бойынша айта өтсек. Мұндағы абонент саны – 4161 үй. 112,1 шақырым газ құбыры монтаждалды. 

Түркістан облысы: сенаторлар Арыс қаласына арнайы сапармен келіп, құрылыс барысымен танысты

Бүгін Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев келді. Осы сапары кезінде сенаторлар қалада жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының тынысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Түркістан облысы: отырарлық кәсіпкер 100 баланы бөбекжаймен қамтып отыр

Отырар ауданында туған елге тағзым ететін азаматтар көп деп айтуға болады. Солардың бірі - ауылдағы ағайынның мұңын сейілтіп, аудан орталығынан балабақша салып берді. Шәуілдірдің шеткі аумағында орналасқан бөбекжай қазір жергілікті 100 баланы мектепке дейінгі мекемемен қамтып отыр.

Түркістан облысы: Мақтаарал жастары мақтауға лайық

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған еріктілер клубының мүшелері мен ауданның белсенді жастары аудандағы кенттер мен ауылдық округтерде тұратын жалғызбасты қарттар мен асыраушысы жоқ ата-әжелерге, аз қамтамасыз етілгендер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созып, көмек беруді күн тәртібінен түсірген емес.