Отырар ауданы: жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов ашып жүргізіп отырды.

Шымкенттегі 81 емдімекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған

Қала тұрғындарының сапалы электр энергиясымен қамтылуы, ауыз су, кәріз жүйесі, жылыту маусымына дайындық, көгілдір отынға қосу жұмыстары  - осының барлығы шаһарымыздың инфрақұрылымына қатысты мәселелер. Бұл саладағы жұмыстың лайықты деңгейде жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүру жағдайына тікелей ықпал етеді. Сондықтан инфрақұрылымның дамуына қаламызда көп көңіл бөлініп келеді. 

Қайтарымсыз грант алған шымкенттік көпбалалы ана құс шаруашылығымен айналысуда

Шымкенттік Динара Бабақулова бір жылдан бері асыл тұқымды бройлер балапандарын инкубаторда  өсіріп, етін саудалап келеді. Бизнес-жобасы комиссияның шешімімен мақұлданып,  қайтарымсыз қаржы алған болатын. 

Шымкент: Республикалық маңызы бар жолдың бойы жиналды

Шымкентте  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық  экологиялық  акциясы  аясында «AMANAT» партиясы әдеттегідей «Таза бейсенбі» атты тазалық акциясын  ұйымдастырды.  Оған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бастаған мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, қалалық “Жастар рухы” ЖҚ белсенділері, «Жасыл ел» жасақтары, сонымен қатар белгілі спортшылар мен жастар арасында өнерімен танылып жүрген «Жайдарман» жастары қатысты.   

"Шымкент ситиде" аула аумақтарын жарықтандыру қолға алынған

Жылдан жылға халық саны артып келе жатқан "Шымкент сити" шағын ауданында қазір 10 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда 3412 пәтерден тұратын 55 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ауыз су, электр энергиясы және табиғи газ мәселелері толығымен шешілген. Алайда, 2017 жылдан бері қолданысқа берілген кейбір көшелердегі  бағдаршамдар мен жарық шамдарының  ақаулықтары жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған болатын. Қауіпсіздік шараларының қамтылмауына байланысты мұнда жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. 

Шымкентте 300 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болады

Жергілікті бюджеттен ипотекалық негізде  тұрғын үй сатып алушыларға жалпы сомасы 300 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты беріледі. Әзірге сертификатқа өтінімдер қабылдау басталған жоқ.  Хабарландыру қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жарияланатын болады. 

Шымкент: Қайтарымсыз грант қаражатына ашылған орталық

Шымкент қаласында өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар. Басты мақсат, халыққа қолайлы және экономикаға келер пайдасы болса болғаны.

Шымкент әкімі «Shymkent» жазуы бар стела орнату орындарын тексерді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  сала мамандарымен  бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Қаратау ауданындағы өрт сөндіру депосы кешені мен Оқушылар сарайының құрылысында болып,  салалық басқарма басшысы мен аудан әкіміне құрылыс сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.